Маңғыстауда КВИ індетіне қатысты тұрақтандыру бағытында медицина мекемелері мамандармен қамтылды
Курс валют в Актау
на 26/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
26 Ноября, 02:57
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда КВИ індетіне қатысты тұрақтандыру бағытында медицина мекемелері мамандармен қамтылды

24 Июля 2020 (10:27) | 2146 | Автор: Редакция

Қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарлауынша, «Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты медицина мекемелерінде барлығы 8830 медицина қызметкерлері жұмыс жасайды. Оның ішінде, дәрігерлер саны – 1558, орта буынды медицина қызметкерлері – 5883, кіші буынды медицина қызметкері 1389 санын құрайды. «COVID – 19» инфекциясына қарсы іс-шараларға жұмылдырылған медицина қызметкерлер саны 1976 құрайды. Оның ішінде, дәрігерлер саны – 246, орта буынды медицина қызметкерлері – 554, кіші буынды медицина қызметкері - 455, жедел жәрдем қызметкерлер саны – 462».

 

 

-«COVID-19» таралуының алдын алу және COVID-19 науқастарын емдеу жөніндегі іс-шаралар шеңберінде өңірге барлығы 47 маман тартылды. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінен 10 резидентурада, 11 интернатурада оқитын жастар және профессор-оқытушылар құрамынан 5 адам. COVID-19 инфекциясы бойынша туындаған эпидемиологиялық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешіміне сәйкес азаматтық денсаулық сақтау секторына қолдау көрсету мақсатында, а.ж. 15 - 29 шілде аралығына 12 әскери-медициналық мамандар (5 дәрігер, 7 орта буынды медициналық қызметкерлер) келіп жұмыс жасап жатыр. Ресей Федерациясынан 9 медицина қызметкерлері келді (8 дәрігер, 1 орта буынды медицина қызметкері).

 

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының медициналық жоғары оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған 65 жас маман келеді деп күтілуде,- делінген Қоғамдық коммуникациялар орталығы таратқан ақпаратта

Автор – Нурганым Имашева

Сурет Қоғамдық коммуникациялар орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему