Ақтаулық тәртіп сақшылары арнайы шара барысында бірнеше құқық бұзушылықты анықтады
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 04:19
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтаулық тәртіп сақшылары арнайы шара барысында бірнеше құқық бұзушылықты анықтады

23 Февраля 2019 (13:32) | 1559 | Автор: Нурганым Имашева

-Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, өзге де құқық бұзушылық түрлерін анықтауды арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 19-20 ақпан аралығында Ақтау қаласы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Hі-tech» жедел-профилактиқалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында бірнеше құқық бұзушылық анықталды,-деп хабарлайды облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

 

 

Атап айтқанда, 09.01.2019 жылы сағат 15:00 шамасында Ақтау қаласының тұрғыны арызданған, яғни 06.01.2019 жылы сағат 15:15 шамасында Ақтау қаласынан ғаламтор желісі арқылы пәтер іздеу туралы сұраныс жіберіп отырғанда, белгісіз тұлға ғаламтор арқылы телефон номерге байланысқа шығады. Ақтау қаласы 26 шағын ауданда орналасқан пәтерін 60 000 теңгеге жалға беретіндігін айтып, «Qiwi» терминалы арқылы сол соманы салдыртып, алдап кеткен. Осы дерек бойыша күдікті тұлға анықталып ұсталды. Ол өз кінәсін толықтай мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 

«Жаңаөзен қаласы Полиция Басқармасының криминалдық полиция мен анықтау бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесе бұрын болған алаяқтық дерегі ашылды, яғни 2018 жылы қаңтар айының 26-сы күні ер адам «SOFITA» ЖШС-нен несиеге жалпы сомасы 150.000 теңге құрайтын ақшаны заңсыз иемденіп алып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен. Осы дерек бойынша күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Жаңаөзен қаласы ПБ КПБ-нің қызметкерлерімен бұрын болған алаяқтық дерегі ашылды, яғни 2015 жылы «Koлеса.kz» сайтына арзан бағамен автокөлік моторларын сату туралы жалған жарнама орнатылған. Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, жалпы сомасы 182.000 теңге ақшасын заңсыз иемденіп алды. Осы дерек бойынша күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Тағы бір дерек Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінде тіркелді. 19.02.2019 жылы сағат 15:30 шамасында Шетпе селосының базарында орналасқан бутик иесі, ауыл тұрғыны 2 000 теңгеге 4-дана әр түрлі әуендер жазылған дискі сатқаны үшін ұсталды. Тінту кезінде 84-дана осындай дискілер табылып айғақ, зат ретінде тәркіленіп алынды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 198-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп мәлімдейді Маңғыстау облысы ПД Баспасөз қызметі.

 

Суретті ұсынған ПД Баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему