Мұнайлыда биыл 550 отбасы баспаналы болады
8 Апреля 2019 (13:57) | 1429 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мәлімдеді.
-Аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж 2 647 адам кезекте тұр, оның 426-сы көпбалалы аналар. Бүгінге дейін ауданда 232 пәтерлі, жалға берілетін тұрғын үй, 100 орынды отбасылық жатақхана берілді. Сонда барлығы 332 отбасы.
Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 50 адамға баспана беріледі. 1-шілдеге дейін тағы 120 пәтер береміз деп отырмыз. Сонда 550 отбасы баспаналы болғалы отыр, - деді аудан әкімі.
Қазіргі таңда, Маңғыстау ауылынан 24 пәтерлік 30 тұрғын үйдің жобалық сметалық құжаттары және Батыр ауылдық округінен 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысының құжаттары әзірленуде.
Бұл ақпаратты біздің басылымға өңірлік коммуникациялар қызметі жолдады.
Суреттер tumba.kz , mail.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему