Маңғыстауға әскери дәрігерлер мен медицина саласының жас мамандары келді
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 05:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауға әскери дәрігерлер мен медицина саласының жас мамандары келді

16 Июля 2020 (11:39) | 2079 | Автор: Нурганым Имашева

Үкімет басшысы Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес, облыс әкімдігі өңірдегі коронавирусқа қарсы күресті күшейту мақсатында медицина мамандарын алдыртуда. Маңғыстаулық науқастарды емдеуге 12 әскери дәрігер жұмылдырылады.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығы хабарлайды. Оның 10-ы бүгін Шығыс Қазақстан облысынан келді. Бұл мамандардың алтауы Семей қаласынан және төртеуі Өскемен қаласынан келді. Ал, екеуі Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінің дәрігері.

 

Семей қаласынан:

 

1. Хирургиялық бөлімінің аға ординаторы м/с капитаны Мажиев Н.Ж. – (жетекшісі)

 

2. Терапиялық бөлімінің басшысы м/с капитаны Муслимова З.Р.

 

3. Қабылдау бөлімінің медбикесі, аға сержант п/к Абдрахманова Г.Т.

 

4. Хирургиялық бөлімінің медбикесі, сержант п/к Мухатова Г.Б.

 

5. ОАиР аға медбикесі, п/к сержанты Кабдиева Ж.С.

 

6. Хирургиялық бөлімінің медбикесі, ефрейтор п/к Муратова М.К.

 

Өскемен қаласынан:

 

1. Хирургиялық бөлімінің басшысы, м/с капитаны Белгибаев Б.Р.

 

2. Стоматология кабинетінің медбикесі, п/к сарбазы (рядовой) Дума С.А.

 

3. Хирургиялық бөлімінің медбикесі, , п/к сарбазы Байсанбанова А.Б.

 

4. Қабылдау бөлімінің медбикесі, п/к кіші сержанты Оспанова А.К.

 

 

25744 әскери бөлімінен:

 

1. Батальон медқызметінің басшысы, м/с аға лейтенанты Айтжанов Б.Ы.

 

2. Медициналық рота хирургиялық бөлімінің басшысы, м/с аға лейтенанты Достангалиев Е.

 

Сонымен қатар, бүгін өңірге Ақтөбе қаласындағы медицина университетін бітірген 10 жас маман келді. 18 шілде күні тағы 6 дәрігер жұмыстарын бастайды. Сол университетті тәмамдаған 5 маман бұған дейін Ақтауға келген болатын. Тағы 5 дәрігер қазір Ақтөбеде жұмыс істеп жатыр, тамыз айында жұмыстарын бітіріп, Ақтауға келеді.

 

Жалпы, Маңғыстауға 26 жас маман келеді. Оның 15-і интернатураны, 7-і резидентура бітірген дәрігерлер. 4 ақтөбелік маман Маңғыстауда тұрақты түрде еңбек етуге ниетті.

 

Ақтөбеден кеше келген 10 маманның алтауы - маңғыстаулық, төртеуі -Ақтөбе қаласының тумасы.

 

Суреттер – Қоғамдық коммуникациялар орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему