Бұрымды қыздардың байқауы өтті
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 10:41
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Бұрымды қыздардың байқауы өтті

7 Марта 2017 (14:49) | 8696 | Автор: Мира Ботабекова

 

Білектей арқасында өрген бұрым,  Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...

 

 деп Абай атамыз жырламақшы қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар  арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтіп өсіруге деніміз мән бере бермейміз. Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке, инабаттылыққа баулу мақсатында Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде наурыздың 3-і күні «Бұрымды қыз» байқауы өтті. Зияткерлік мектепте мұндай байқауды өткізу себебін, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынзер Ихсанова былай түсіндіреді:

Кез келген мектеп ережесі бойынша оқушы өзін жинақы әрі таза ұстау қажет. Бұл талап біздің білім ордамызда да бар. Көшбасшы әрі инабатты ұрпақ тәрбиелеу үшін біз оның киім-киісі мен жүріс-тұрысына дейін бақылау жүргізіп, қате тұстарын айтып, бағыт-бағдар көрсетіп отыруымыз қажет. Бұл бағытта мектеп кураторлары қарқынды жұмыс істейді. Ал бүгін ұйымдастырылып отырған байқау 8- наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай қолаң шашты қыздарымызды үлгі тұтып, насихаттау,- дейді ол.

 

Бұрымы ұзындар сайысына мектеп табалдырығын 2016-2017 оқу жылы аттаған 7-сынып оқушыларының арасынан 7 қыз суырылып шықты. Сайыстың аты айтып тұрғандай, қатысушылар шаш ұзындығы, қалыңдығы, күтімі бойынша және сәнді өрімдер бойынша жарысты.  Алғашқы турда қазылар алқасы қыздарды шашының ұзындығы мен қалыңдығын және сахнаға шығау образын бағалады. Алқа мүшелерінің өлшемі бойынша, жарыста бақ сынаған қыздардың шаш ұзындығы 60-см-ден 116 см-ге дейін жетті. Соның ішінде, 11 жасар Қуантқан Назгүлдің шашының ұзындығы  116 сантиметрге жетіп, шашы ең ұзын қатысушы атанды.  Байқауға төрелік етуге келген қазылар алқасы да бұрымдылардан таңдалып, шақырылды. Олардың арасында шашы ең ұзын мектеп директорының ғылыми-істер жөніндегі орынбасары Бақытгүл Өмірханқызы болды. Оның шашының ұзындығы 110 см-ге дейін жетеді.

 

Екінші турда қатысушылардың бұрымдарына жақындары немесе достары 15-минут ішінде әр түрлі сән үлгісін жасауы тиіс  болды. Қатысушылардың жақындары мен достары әр түрлі заманауи үлгідегі бұрымдар өріп, сән үлгілерін, не себепті бұл үлгілерді таңдағандықтарын түсіндірді.

 

Ал, үшінші турда қатысушылар шаш күтімі, ежелгі салт-дәстүрлер, өздерінің шаш өсіру себептері туралы баяндап берді. Қатысушы қыздардың дені шаштарын бір жасынан бері өсіріп келе жатқандарын айтты.

 

Байқау нәтижесінде, қазылар алқасының шешімі бойынша 7 "А" сынып оқушысы Әлия Ізтұрған "Қолаң шаш" номинациясына ие болса, 7 "B" сынып оқушысы  Әлия Әнес "Мықты шаш" номниациясына лайық деп танылды.  Ал, 7 "C" сынып оқушысы Назым Әбдібековаға «Сұлу шаш», 7 "D" сынып оқушысы Аделина Рахметоваға «Сәнді шаш», 7 "Е" сынып оқушысы Меруерт Асхатқа «Жібектей шаш», ал 7 "G" сынып оқушысы Анелия Журенбаеваға «Шуақты қыз» номинациясы табысталды. Ал байқаудың бас жүлдесіне шашының ұзындығы 116 см, қалыңдығы 10 мм болатын 7 "F" сынып оқушысы Назгүл Куантканова ие болды.

 

Сайыста жеңімпаз атанамын деп ойлаған жоқпын. Әрине, менің шашым қатысушылардыікіне қарағанда ұзын. Әйткенмен, төрешілер шаш ұзындығына ғана емес, сән үлгісіне, қатысушының өзін-өзі ұстауына аса қатты мән берді. Осы орайда сахнаға дайындаған анам мен шаңырағымдағы Арай Емельянға алғысымды білдіремін,- дейді жеңімпаз Назгүл.

 

Байқау соңында қазылар алқасы аталған сайысты жыл сайын дәстүрлі түрде мектепішілік деңгейде өткізуге ұсыныс білдірді.

 

Менің ойымша, бүгінгі жарыс көптеген оқушыларымыздың бойында шаш күтімі мен ұзын шашқа, соның ішінде бұрымға деген көзқарасын өзгертті деп ойлаймын. Мұндай байқаулар жыл сайын ұйымдастырылар болса, қыздарымызды жинақылық пен тазалыққа, әдептілікке баули түсеміз, - дейді қазылар алқасының мүшесі, физика пәнінің мұғалімі Ибалы Тоқтамысова.

 

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Рысгүл Рамазанова.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему