Кеңесбай Абдуллаев – 70 жаста!
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 05:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Кеңесбай Абдуллаев – 70 жаста!

4 Июня 2020 (14:50) | 2737 | Автор: Нурганым Имашева

Өзі таңдаған мамандығының қыры мен сырын жетік меңгерген ақ желеңді абзал жан туралы бір үзік сыр

 

 

Медицина саласының ардагері-Кеңесбай Піржанұлы бұл күндері өмірінің асқартаудай белесі - 70 жасқа толып отыр. Оның өмір жолы мен өнегелі отбасы жайлы ұзақ жазуға болады. Ол ізденуден, ұғып-білуден ешқашан жалығып көрген емес. Алдына келген науқастың көңілін аулап, қажетті медициналық көмекті беруге әркез дайын тұратын. Ол еңбек еткен емдеу мекемелерінде оған деген құрмет әрдайым ерекше. Әріптестері Кеңесбай Алдуллаевты жаны жайсаң, жүрегі жомарт азамат деп біледі және білгір маман, қайратты ұстаз-тәлімгер ретінде ерекше құрметтейді.

 

Денсаулық - адам үшін баға жетпес байлық. Бұл мамандықты меңгерген адам құрмет пен алғысқа бөленіп жатады. Себебі Гиппократ антын қабылдап, қай кезде болмасын әрдайым сенімділікті сақтайтын, асқан шеберліктің иесі болуға асығады.

 

 

Әр адам өзінің өмір жолында ақ халатты абзал жандармен жүздесіп, кеңесіне жүгініп, жатады. Дәрігер немесе медбике жанға - дауа, тәнге - шипа болардай ем іздеу жолын айтып, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеруге, өмірге деген құлшынысын арттырып, ертелі-кеш ерінбей, ел үшін еңбек етуге дайын тұруы тиіс. Дәрігердің көмегімен тоқтаған жүрек қайта соғып, үміт жалғайды. Күн демей, түн демей, қажет кезде адам жанынан табылғанын тілейді. Сондай жандардың бірі, тіпті бірегейі, көпке ұстаз бола білген Абдуллаев Кеңесбай Піржанұлы.

 

Үлгі тұтар ұстаз – Кеңесбай Піржанұлы 1950 жылы 23 мамырда Кызылорда облысында дүниеге келген. 1967 жылы мектеп қабырғасында білім алып, түлектер арман қуып әр тарапқа кетті. Ол болса білімін әрі қарай жалғастырып 1968 – 1974 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медицина университетінде білім алды.

 

 

Алғаш еңбек жолын 1975 жылы Маңғыстау облыстық ауруханасында хирургия бөлімінде дәрігер - уролог болып бастады. 1976 жылы ақпан айынан маусымға дейін Алматы қаласындағы біліктілікті арттыру институтының бөлімінде урология мамандығы бойынша алғашқы мамандандырудан өтті.

 

1978 жылдан бастап алғаш жаңадан құрылған урология бөлімшесінде дәрігер болып жұмыс істеді. Өзінің еңбек тәжірибесін көптеген ірі қалалар мен көршілес елдерде ұштастыра білді. 1980 жылы Ресейдің Ростов-на-Дону шаһарында, 1981-1983 жылдар аралығында Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының клиникалық ординатурасында урология курсынан өтті.

 

 

1983 жылы АГМИ жас ғалымдарының II ғылыми конференциясында «Эмиссиялық спектрографиялық зерттеулерге сәйкес тәжірибелік егеуқұйрықтардағы бүйректер мен аналық бездердегі хром құрамы» атты тақырыбында баяндама жасады. Айта кету керек, уақыт өте бұл материалдар жоғарғы оқу орындарының жинағында жарияланды.

 

1983 жылы Кенесбай Піржанұлы «Науқастарды аудандық емханалардың және аудандық ауруханалардың дәрігерлеріне рентгендік зерттеуге дайындау» тақырыбында әдістемелік хат шығарған. Батыс-Қазақстан урологиялық қоғамы филиалының жұмысына және медициналық журналдарды шолуға қатысты. Медицинаның ең өзекті тақырыптары бойынша бірнеше рет презентациялар мен баяндамалар жасаған.

 

 

Ординатураны оқып бітіргеннен кейін, Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында балалар урологиясы профилінде балалар хирургиясы кафедрасында ассистент болып жұмыс істеген. Ал 1985 жылдың қараша айынан бастап Маңғыстау облыстық ауруханасының урология бөлімшесінің меңгерушісі болды.

 

Уролог болып жұмыс жасап жүрген кезінде бірнеше мамандандырулардан және тақырыптық жетілдірулерден өткен болатын. Атап айтқанда, Алматы қаласы, Ақтөбе өңірі, Ростов-на-Дону аймағы, Ленинград шаһары сияқты ірі қалаларда «Урологиядағы жарақат және жедел көмек», «Денсаулық сақтауды басқару. Тәуелсіз сараптама», «Медициналық көмек сапасын басқарудың өзекті мәселелері», «Денсаулық сақтау саласындағы сараптамалық қызмет» және тағы басқа тақырыптар. 1991 жылдан бастап жоғары санатты дәрігер.

 

Шәкірттері ұстазы туралы өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, қашан да қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығының қыры мен сырын жетік меңгерген білікті маман ретінде біледі.

 

Таңдаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметі, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілеті жастарды тәнті етпей қоймады. Мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, ақылшысы бола білді.

 

Ұжымда үлкенге - ілтипатты іні, кішіге - қамқор аға, қатарластарына - адал дос бола білген ізгі жүректі азамат, еңбекте - беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтты. Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.

 

Әріптестері Кеңесбай Абдуллаевқа арманның ажарында, бақыттың базарында күліп - ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіп, жары Мәншүк Ахметовамен бірге ұзақ ғұмыр жасай беруін тілейді.

 

Өткен күннің артта қалып елесі,

Тіршіліктің жылжи берер кемесі.

Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған,

70 жастың құтты болсын белесі.

Балаларың басыңдағы бағыңыз,

Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз.

Өзіңізді мәпелеген, баптаған,

Аман болсын қасыңызда жарыңыз.

Осы өңірде кең керілген керегең,

Еңбегіңмен бағаланған берекең.

Ардақтайды ақсақал деп халқың да,

Біз секілді шәкірттер де артыңда.

Сексенге де, тоқсанға да жетіңіз,

Дәл осындай мейірімді қалпыңда.

 

Ізгі тілек білдіруші: шәкірттері…

 

Фото: редакция

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему