Қауіпсіздік-басты мақсат
Курс валют в Актау
на 16/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
16 Апреля, 11:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қауіпсіздік-басты мақсат

5 Апреля 2021 (14:01) | 1005 | Автор: Редакция

Сауда саласының қызметкерлері мен қала тұрғындары  назарларына!

 

 

Республика бойынша жыл сайын 500- деп астам өрт оқиғалары сауда орындарыны мен базарларда орын алады. Қала аумағында жылдың басынан бері 18 өрт оқиғасы тіркеліп, оның ішінде 1 өрт сауда орнында тіркелді. Өздеріңізге мәлім, 16 наурыз күні Ақтау қаласы, 5 шағын аудан, «Волна» базары өртке оранды.

 

Өрт пен оның қайғысы салдарын болдырмау үшін сіздер өрт қатері туындағанда қандай іс-әрекеттерді жасау қажеттілігін білу керексіздер. Мұндай жағдайда, ең бастысы сабырлық сақтай білген жөн.

 

Өрт шыққан бойдан «101» нөміріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді шақырып , толық мекен-жайды, өрт болған орынды және ғимараттарда адамдар бар-жоғы туралы айту қажет. Өрт сөндірушілерді уақытында шақырып және өрт сөндіргіш құралдарды дұрыс пайдалану сіздерге қайғылы жағдайға ұшырамауға көмектеседі.

 

Сауда орындарының әкімшілігінің өрт кезіндегі ең алғашқы іс-әрекетінің бірі ғимарат ішіндегі адамдардың қауіпсіздігіне және оларды эвакуациялауға бағытталады. Сонымен қатар жүріп жатқан жұмыстарды тоқтатып, барлық қызметкерлерді қауіпті жерден шығару керек. Одан кейін өз күштеріңізбен материалдық-құндылықтарды құтқару жұмыстарын және өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерін қарсы алуды ұйымдастыру және өрт көзі мен сумен қамтамасыз ету орындарын әкелетін қысқа жолды көрсету қажет.

 

Өрт қауіпсіздігі мақсатында тыйым салынады:

 

  • Эвакуация жолдары мен баспалдақ алаңдарында сауда дүңгіршіктерін орналастыруға;
  • Зақымдалған электр қондырғыларын пайдалануға;
  • Бір қондырғыға бірнеше электр аспаптарын қосуға;
  • Ашық от көзін пайдалануға, яғни сіріңке, оталғыш жағуға;
  • Шығу есігін және жүру жолдарын қораптамен бөгеуге;
  • Рұқсат берілмеген орындарда темекі тартуға.

 

Сонымен қатар бөлменің қораптардан, қоқыстардан уақытылы тазалау қажет және жұмыс аяқталған кезде электр аспаптарын тоқтан ажыратып, бөлмені мұқият қарап шығуды ымытпаған жөн.

 

Өртке әкелетін себептер- отты абайсыз пайдалану, электр құралдарын қараусыз қалдыру, рұқсат берілміген орындарда темекі тарту және ашық от көзін пайдалану екнін де есте сақтаңыздар.

  

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Абилов Алибек Бекбердиевич

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему