Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
24 Апреля 2020 (12:25) | 1685 | Автор: Нурганым Имашева
Күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті - Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Айлардың сұлтаны Рамазан – татулық пен береке, сабыр мен төзім, кешірім мен құлшылық айы. Отыз күн ораза ұстап, қайырымды іс жасап, сауапқа кенелетін сәт. Ұлы Жаратушымыздың ұлық мерекесі биыл - өкінішке қарай, қатерлі дертпен қатар келді. Тұтас ел болып ортақ ережені орындасақ, бұл сынақтан сүрінбей өтіп, індетті бірге жеңеміз.
Құрметті маңғыстаулықтар!
Төтенше жағдаймен тұспа-тұс келген қасиетті Рамазан айында ғибадат-құлшылықты және ауызашарды әркім өз отбасында өткізуге шақырамын. Баршаңыздың ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Еліміз аман, Отанымыз тыныш болғай!
Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему