Бейбіт күннің батырлары
26 Августа 2020 (15:42) | 2543 |
Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Қуанар Бекенұлы Базарбаевтың атына «STIGL» демалыс базасының директоры Х.А. Мусаевтан хат келіп түсті, онда Хасмагомед Ахмедович офицерлердің шебер әрекеттері мен қызметкерлерге көмек көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі мен Ұлттық ұланының басшылығына алғысын білдіреді.
31 шілдеде 18 сағат 20 минутта демалыс базасының аумағындағы бір қабатты мейрамханада өрт шықты. Жану көлемі 300 ш.м. құрайды. Жиһаздар, ыдыс-аяқтар және тұрмыстық техникалары жанған.
Шақырту орнында бірінші болып Ұлттық ұлан офицерлері – А.Б. Сералиев, Е. А. Усанов, М.У.Рахпанов болды, олар қызметкерлер мен демалушыларды эвакуациялауға көмек көрсетті.
Офицерлер өте шұғыл әрекет етіп, жоғары кәсіби деңгейде міндеттерін орындады. Қызметкерлер мен демалушылар арасында дүрбелеңнің алдын алу және тыныштықты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.
Бұл жағдайда офицерлер алғашқы өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру және адамдарды жанып жатқан ғимараттан қауіпсіз жерге көшіру бойынша бірінші кезектегі іс-қимылдарды жүзеге асырды.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы хабарлады.
Суреттер баспасөз қызметінен
Зарегистрируйтесь или войдите в систему