Маңғыстауда 1 маусым күнінен бастап жағажай және демалыс базалары ашылады
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда 1 маусым күнінен бастап жағажай және демалыс базалары ашылады

31 Мая 2020 (09:25) | 2299 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Е. Күмісқалиев қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында аймақта 1 маусым күнінен бастап жеңілдетілетін карантиндік шаралар және жұмыстарын жандандыратын кәсіпкерлік нысандары туралы мәлімдеді.

 

 

Басқарма басышысының айтуынша,

1. Облыс аумағында жалпы қозғалысқа сағат 6:00 – 23:00 аралығында рұқсат етіледі;

2. Спорт залдардағы спорттық жаттығуларға жұмыс регламентін шектеусіз, ғимарат ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып рұқсат етіледі;

3. Қоғамдық тамақтану орындарына, кафелер мен ресторандарға (тойханаларды қоспағанда) 50 отыратын орыннан асырмай, эпидемияға қарсы шараларды және ара қашықтықты қатаң сақтай отырып сағат 23:00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

4. Жағажай және демалыс базалары эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтай отырып жұмыстарын бастайды;

5. Қоғамдық моншаларға және СПА орталықтарына ішіндегі адам санын 30%-ға дейінгі сыйымдылықпен қамти отырып жұмыс жасауына рұқсат беріледі;

6. Сауда ойын-сауық орталықтары сағат 9:00 – 22:00 аралығында қызметтерін жалғастырады. Бірақ, кинотеатрлар мен балалардың ойың алаңдарына және мұз айдындарына уақытша рұқсат етілмейді;

7. Жетібай мен Мұнайшы ауылдарына кіру және шығуға шектеу қойылады (яғни, блокпосттар орналастырылады);

8. Мекемелерде қызметкерлер санының 50%-ын қашықтықтан жұмыс жасату тәртібі жалғасады.

 

 

-Бүгінгі күні өңірде індетті жұқтырушылар саны күрт өсуде. Халықтың денсаулығына әлі де қауіп бар. Сондықтан, күнделікті өмірде сақтық шараларын ұстанған жөн. Өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек және оны әрбір азамат жауапкершілікпен сезінуі тиіс.

 

Жағдайға байланысты карантин талаптарын жеңілдету жұмыстары алдағы уақыттарда да жалғасатын болады. Ал, басқа жағдайлардағы шектеулер мен жасалған жеңілдіктер өзгеріссіз қалдырылады,- деді Е.Күмісқалиев.

 

Суреттер қоғамдық коммуникациялар орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему