Жас балуандар өзара күш сынасты
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 19:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жас балуандар өзара күш сынасты

12 Декабря 2017 (20:56) | 3235 | Автор: Нурганым Имашева

Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесіне орай Ақтау қаласында облыстық «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдодан топаралық турнир өтті. Дзюдо күресінен өткен жарысқа 2004-2006 жылы туған жасөспірім қыздар мен 2006-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар қатысты. Жарыста 200-ге жуық балуан 14 салмақ дәрежесінде белдесіп, бақтарын сынады.

 

 

-Жарыс ұлық мерекеміз Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылып отырғандықтан спортшыларымызға алдымен еліміздің 26 жылда жеткен жетістіктерін айтып, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы жайында әңгімелеп бердік.

 

 

Егеменді еліміздің ең асыл да қастерлі құндылығы-Тәуелсіздік екенін, Тәуелсіздік-тағдырдың тезінен аман-сау қалған халқымыз үшін ең жоғары құндылық өлшемі екенін жастарымызға ұғындырып, патриоттық бағытта сабақ өткіздік.

 

 

 

Жалпы, бүгінгі жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жарысқа үлкен дайындықпен келген спортшыларға, олардың бапкерлеріне ризашылығымды білдіремін.

 

 

Баршаңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықап, жеңісті сәттеріңіз көп болсын деген тілек білдіремін,-дейді жарыстың бас төрешісі, КСРО-ның спорт шебері, белгілі бапкер Мәншүк Баданова.

 

 

Жарысқа облыстық «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Шетпе, Бейнеу, Маңғыстау аудандары мен Жыңғылды, Сарға, Боранқұл, Ақшымырау, Қызан, Шебір, Жармыш ауылдарынан ашылған филиалдарынан келген спортшылары да қатысты.

 

Боз кілемнің шаңын қаққан 2004-2006 жылы туған қыздар арасында Ақгүл Жомартова, Әсел Джубаева, Саида Үсенбай, Разия Абышева, Шұғыла Бүркітбай, Ақниет Раман, Аружан Джантлеуова, Жанат Аманғалиева, Әдемі Түзелбай өз салмақтарында жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тақты.

 

-Дзюдоға қатысқаныма бір жылдан астам уақыт болды. Мені спортқа әкем жетелеп әкелді.

 

 

 

Биылдың өзінде облыстық, республикалық жарыстардан 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды иеленіп, қоржынымды қомпайттым.

 

 

Сабақта да үлгерімім жақсы, болашақта Олимпиада шыңын бағындырып, Қазақ елінің әнұранын әлемдік жарыстарда асқақтатқым келеді және әскери салада қызмет етсем деймін. Ол үшін күні-түні еңбектеніп, спортты тастамай айналысатын боламын,-дейді 13 жасар Жанат Аманғалиева.

 

Сондай-ақ, 2006-2008 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында Расулхан Ғабит, Ахмет Рахим, Рамазан Нұрмамед, Еркебұлан Абдуразак, Сержан Аяпберген, Ербол Өзбекұлы, Асхат Хасанұлы, Айберген Қадырғали жеңіске жетіп, алтын медальдің иелері атанды.

 

 

Суретті түсірген  «Жас батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему