Ақтауда 7 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
8 Августа 2022 (16:41) | 1709 |
Автор: Редакция
Ақтауда ғарыштан түсіру арқылы рұқсат берілмеген 7 қоқыс үйіндісі анықталды,деп хабарлайды облыстық қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ жүргізген геопортал жүйесінің көрсетуінше,
23 шағын аудандағы "Кіші оймаша" аумағында 5 орын, сондай-ақ, екі орын 20-шағынауданда анықталған.
Бүгінгі таңда коммуналдық мекеме қызметкерлері 6 рұқсат етілмеген қоқыс орнын жойды. Аптаның соңына дейін олар соңғы аумақты тазартуды жоспарлап отыр.
"Ақтаудағы стихиялық қоқыстардың басым бөлігі-құрылыс қалдықтарының қоқысы, сондай-ақ қала тұрғындарының тұрмыстық қалдықтары. Қандай да қоқысты шығару үшін шарт жасау қажеттігін тағы да еске салғым келеді. Өкінішке орай, қала тұрғындары мен құрылыс компаниялары қоқысты қаланың шалғай жерлеріне тастауды жалғастырып, қоқыс үйінділерінің жиналуына себепші болып отыр. Олар қоршаған ортаға қауіп төндіреді, қаланың жалпы келбетін бүлдіреді", - деді қала әкімінің орынбасары Алпысбай Таубаев.
Осы күнге дейін арнайы техниканың көмегімен 1200 тонна қалдық жиналған.
6 ай ішінде белгіленбеген жерлерде қалдықтарды рұқсатсыз шығарғаны үшін 13 адамға айыппұл салынған.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему