Курск шайқасына қатысқан маңғыстаулық
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 16:48
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Курск шайқасына қатысқан маңғыстаулық

18 Мая 2020 (20:08) | 2752 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің музейінде Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагерлерінің фотосуреттері, естеліктері, құжаттары мен наградалары мұқият сақталған. Қолына қару алып, жаумен шайқасқан Отанның даңқты ұлдары мен қыздарының қатарында Ұлы Отан соғысы қан майданының жалынынан өтіп, тірі қалған 287-ші гвардияның взвод командирі, аға сержант, ардагер Табишев Сахтан Табышұлының есімін мақтанышпен атаймыз.

 

 

Осыдан жетпіс бес жыл бұрын Отанымыздың тағдыры Курс доғасында шешілді. 1943 жылдың жазында фашистік Германия немістердің Сталинград түбіндегі жойқын жеңілісінен кейін кек алуды жоспарлады. «Цитадель» код атауын алған неміс әскерлерінің жұмыс жоспарына сәйкес, шабуыл Курск аумағында дайындалды. Жау жағы бұл аудандағы кеңес әскерлерін қоршап алып, талқандауға, сөйтіп соғысты өз пайдасына шешуге үміттенді. Неміс-фашист қолбасшылығы бірде бір ұрысқа, Курск доғасындағыдай жан-жақты,мұқият дайындалған жоқ.

 

Кеңес өкіметі алға ұмтылған қарсыласты қорғаныс шайқастарында әлсіретуге, содан кейін қарсы бағытта шабуыл жасап, талқандайдаймыз деп шешті. Курск қоршауын Орталық және Воронеж майдандарының құрылымдары қорғады. Қызыл Армияның стратегиялық резервін құрайтын Дала майданының күштері тылға шоғырланды. Жау шабуылының басында 250-300 шақырымға дейін сегіз қорғаныс бекінісі салынды.

 

Курск шайқасы 1943 жылдың 5 шілдесінен 23 тамызына дейін созылды. 12 шілдеде Ұлы Отан соғысының ең сұрапыл танк шайқасы өтті. Бұл Курск шайқасының шешуші оқиғаларының бірі болды. Прохоровка ауданындағы шайқас кезінде жау 300-ге жуық танкін жоғалтты, 10 мыңнан астам солдаттар мен офицерлер қаза тапты.

 

Кеңес сарбаздарының жаппай ерлігі, олардың отан алдындағы міндеті үшін  адалдығы, өмірін қиғаны фашистердің жер қайысқан күшінен де мықты болып шықты. Кеңес әскерлері қорғаныс ұрыстарында жауды жеңіп, қарсы шабуылды бастады.

 

Көп ұзамай Орел мен Белгород қалалары азат етілді. Осы Жеңістің құрметіне 5 тамызда кешке Мәскеуде Ұлы Отан соғысы тарихындағы алғашқы артиллериялық салют атылды. Отты доғадағы шайқас 23 тамызда Харьковты азат етумен аяқталды. Курскіге шабуыл жасаған 70 неміс дивизиясының 30-ы жеңіліске ұшырады. 50 күндік үздіксіз шайқастарда неміс армиясы жарты миллионнан астам солдаттары мен офицерлерінен айырылды.

 

Фашистік Германия үшін Курск шайқасындағы жеңіліс күшті соққы болды. Шілде шабуылының сәтсіздігінен кейін фашистердің көпшілігі Ресеймен соғыстың оң нәтижесіне үмітін үзді. Немістердің Курск доғасындағы жеңілісі Ұлы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыспен аяқталды.

 

Фашистік Германиямен соғыстағы ең үлкен жеңіс армияны қажетті әскери техникамен, қару-жарақпен және оқ-дәрілермен қажетті мөлшерде қамтамасыз ете алған кеңес әскерлері мен тыл еңбеккерлерінің бұрын-соңды болмаған ерлігі арқасында болған еді.

 

 

Милиция полковнигі Табишев Сахтан Табишұлы 1924 жылы 15 мамырда Гурьев облысы Теңіз ауданының Ганюшкино селосында каспийлік балықшының отбасында дүниеге келген. 1941 жылдың маусым айында мектепті бітіріп, он жеті жасқа толған соң туған ауылында жұмыс істей бастады.

 

1942 жылдың тамызында Отанды қорғауға Сахтан мен оның құрдастарының кезегі де келіп жетті. Олар майданға атқыштар взводының командирлерін дайындайтын Гурьев жаяу-әскери училищесіне жіберілді. Ол кезде майданда Сталинград түбінде қызу ұрыстар жүріп жатты. Фашистер Астраханды, тіпті Гурьевті бомбаның астына алды.

 

Жағдай қиындағаннан кейін училищенің курсанттары мерзімінен бұрын босатылып, 1943 жылы 11 наурызда майданға жіберілді. Жолда кетіп бара жатқанда Елец станциясында курсанттар отырған эшелон бомбалауға ұшырады. Барлық аман қалғандар 5-ші Гвардиялық армиясының қарамағына берілді де, ал Сахтан Табишев 95-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясының 28-ші гвардиялық атқыштар полкіне түсті және атқыштар взводы командирінің көмекшісі болып тағайындалды. Мұнда «Гвардия аға сержанты» әскери атағы берілді.

 

1943 жылдың сәуірінен маусымына дейін дивизия Жоғарғы Қолбасшылықтың резервінде тұрып, қорғаныста болды. Толықтырулар жасалды. Әскерге жаңадан қабылданғандар ұрыс қимылдарына оқытылды. Біздің әскерлер жазғы шайқастарға дайындалып жатты. Курск-Белгород қоршауында үлкен эшелондалған ауқымды қорғаныс дайындалды.

 

1943 жылы 5 шілдеде тарихта бұрын-соңды болмаған екі жағынан мыңдаған танктер мен ұшақтар жіберілген шайқастар басталды. 95-ші Гвардиялық атқыштар дивизиясы Жоғарғы Бас Қолбасшының бұйрығы бойынша резервтен шығып, Курск маңындағы шабуылға шықты. Прохоровка станциясында ең ауыр шабуылда атқыштар взводы командирінің көмекшісі Сахтан Табишев ең алғаш рет ұрысқа кірді.

 

Қызу шайқастардың арасында Сахтан Табишев (ол сол кезде 237-ші гвардиялық атқыштар полкінің үшінші батальонының комсомол комитетінің мүшесі болған) және шайқастарда ерекшеленген бірнеше басқа комсомол мүшелері партия мүшелігіне кандидат ретінде қабылданды.

 

Табишевтің гвардияшылары жаудың шабуылдарын тойтарып, танктерін жойып, зор батылдықпен шайқасты. Алғашқы күннен бастап 287 гвардияшылардың атқыштар полкі гитлершілдер тарапынан қатты қысымға ұшырады, фашистік танктер бірінен соң бірі жүрді. Гвардияшылар оларды ұрыс үшін қазылған орлардан өткізіп, жаудың жаяу әскерлерін жойып жіберді.

 

Осындай шабуылдардың бірінде 50 танк және дұшпанның екі батальоны қатысты. Табишевтің гвардияшылары жауды пулеметпен қарсы алды, ал зеңбірекшілер танктерге тікелей оқ жаудырды. Жау алға қарай өте алмады. Осы шайқастарда аға сержант Табишевтің взводы әрдайым алдыңғы қатарда болды, командир батылдық пен ерліктің үлгісін көрсетті. Ол ерлігі үшін мемлекеттік наградаға  ұсынылды.

 

 

1943 жылдың 18 шілдесінде Курск-Белгород шайқасында түбегейлі өзгеріс болып,кеңес әскерлерінің шабуылы басталды. 1943 жылдың 22 шілдесінде Сахтан Табишев батальон командирінің танк десанты ретінде шабуылға шығу туралы бұйрығын алған бойда, тек командирге «Танктермен!» деп айтып үлгерді. Неміс оғы оның кеудесіне тиді. Оның әскерлері алға қарай жылжыды, ал олардың ес-түссіз күйде жатқан командирін, далалық госпитальға жеткізді. Әрі қарай, Сахтан Табишев санитарлық пойызбен тыл түбіне- Мичуринск, Тамбов, Орынборға қарай жүрді.

 

1943 жылдың қыркүйегінде Сахтан Табышев әскерден босатылды. Бастапқы кезде әскери комиссариаттың жолдамасымен Теңіз ауданының Котяевка ауылындағы орта мектепте әскери жетекші болып жұмыс істеді. 1944 жылы наурызда комсомолдың аудандық комитетінің ұсынысы бойынша оны Алма-Ата қаласындағы ІІХК офицерлік мектебіне жібереді. Сол кезден бастап ол ІІМ органдарында жұмыс істейді.

 

1963 жылы ОК КОКП жанындағы жоғары партия мектебін сырттай бітіреді. Содан кейін ол Маңғыстау облыстық атқару комитетінің ІІБ-ның ТҚБ бастығы болды. 1970 жылдан бастап Өзен аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.

 

Отан үшін жасаған қызметі мен фашистік басқыншылармен күресте соғыс қимылдарына белсенді қатысқаны үшін «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік қызметі үшін», «Ерлігі үшін», «ІІМ-де мінсіз қызметі үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған.

 

Соғыс ардагерінің балалары өмірден өз орындарын тауып, әкенің ғибратты жолын жалғастырып келеді.

 

-Уақыт өз орнында тұрмайды. Ұлы Отан соғысының жаңғырығы алыстап барады, бірақ сол жылдар  жадымызда мәңгі сақталады. Біз оларды ешқашан ұмытпаймыз,- деп аяқтапты ҰОС ардагері туралы осы мәліметтерді біздің басылымға жолдаған Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің Кадр қызметі.

 

Сурет Полиция Департаментінің Кадр қызметінен және yandex.kz сайтынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему