Қылмысын қайталап, темір торға тоғытылды
23 Апреля 2018 (16:35) | 2086 | Автор: Нурганым Имашева
Cотталушы Е., 2017 жылдың қыркүйегінде азаматша О.-ның Ақтау қаласынан арзан бағамен пәтер сатып алғысы келетіні жайлы естіп, оған 3 000 000 теңге сыйақыға «ФортеБанк» филиалының ипотекалық кредиторларынан борышының өтелмеуі себепті банктің сатылымға қойылған пәтерлерінен арзан бағаға үй алып беруді ұсынған.
Cотталушы Е., О.- ға Ақтау қаласының 28-шi шағынауданындағы №3 үйінен бірінші қабаттан үш бөлмелі пәтерді алып беруге уәде береді. О.-ның сеніміне кіріп, оны 16 шағындаудағы «Ақтау» ойын-сауық орталығына шақырады. Сол жерде оны алдап-арбап, 3 000 000 теңге ақшасын алып, өз уәдесін орындамай, ақшасын қайтармай, бой тасалаған.
Сот, сотталушы Е.-ның мінездемесін, жасаған қылмысының ауырлығын, бұрынғы жасаған қылмыстарынан тиісті нәтиже шығармағанын ескере отырып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1/-тармағымен кінәлі деп танып, қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен, қауіпті қылмыстың танылуына байланысты, қоғамнан шектетіп жаза тағайындауды дұрыс деп тапқан.
ҚР-сы ҚК-нің 46 бабы 5 бөлігінің 2/ тармағына сай, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу тағайындалды.
ҚР-сы ҚК-нің 63 бабы 6 бөлігіне сай, қылмыстардың қайталануы кезінде қылмыс үшін соттаған кезде адамдарға шартты түрде соттау қолданылмайды.
Жоғарыдағылар негізінде, ҚР-сы ҚПК-нің 382,387-390, 392, 393, 395-398, 401-402 баптарын басшылыққа алып, сот Е. - ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы 3- бөлігінің 1/- тармағымен кінәлі деп танып, оны 3 /үш/ жылға бас бостандығынан айырып, оның қылмыстық жолмен табылған не қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеумен, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді белгіледі.
Е.-ға бұлтартпау шарасы ретінде қолданылған «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы» қолхатын бұзып, сот залынан қамауға алынды, -деп мәлімдеді сотта істі қарағанАқтау қалалық сотының судьясы Г.Байтұрова.
Сурет tengrinews.kz, voxpopuli.kz сайттарынан алынды
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему