Маңғыстауда құлшылық ететін орындар (мешіттер, шіркеулер) 25 мамырдан бастап ашылады
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 11:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда құлшылық ететін орындар (мешіттер, шіркеулер) 25 мамырдан бастап ашылады

16 Мая 2020 (13:34) | 2559 | Автор: Нурганым Имашева

 Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО дін істері басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетов мәлімдеді.

 

 

-Өздеріңізге мәлім, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбайқажы Тағанұлы Қазақстандағы барша мұсылман қауымға үндеу жасап, 2020 жылғы 18 мамырдан бастап еліміздегі барлық мешіттердің ашылатыны туралы хабарлады.

Алайда, бұл рұқсат етілген шаралар тек төтенше жағдаймен қатар, карантин тәртібі де алынған өңірлерге байланысты екенін назарларыңызға салғым келеді, - деді Мақсатбек Маханбетов.

 

Оның айтуынша, «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимі алынып тасталғанымен, кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес, оның ішінде Маңғыстау облысында дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Сол себепті, облыста карантин тәртібі 25 мамырға дейін созылды.

 

 

Сондықтан, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Маңғыстау облысында топ болып құлшылық ететін орындарды (мешіттер, шіркеулер) ашуға әлі ерте».

 

Өкінішке қарай, биыл 25-мамырға дейін облысымыздың барлық мешіттерінде ораза айт намазы, жұма намазы және тарауиқ намазы оқылмайды. Қасиетті рамазан айында келетін Қадір түнінде мешіт жабық болуына байланысты имамдар биыл әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, уағыздарын айтатын болады, - деді Ақтау қалалық Бекет Ата мешітінің бас имамы Қайрат Маманбаев.

 

 

Маңғыстау облысы дін істері басқармасы басшысының мәлімдеуінше, «Егер жағдай тұрақталса, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап облыстағы барлық құлшылық ететін орындарды (мешіттер, шіркеулер) арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылатын болады».

 

Суреттерқоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему