Сот ұжымы ардагерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Курс валют в Актау
на 17/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
17 Ноября, 15:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот ұжымы ардагерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

9 Марта 2017 (15:43) | 3449 | Автор: Нурганым Имашева

 

Мереке қарсаңында Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев бастаған Маңғыстау облыстық сотының ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері Қамқа Үмбетәліқызын үйіне арнайы барып мерекемен құттықтады.

 

94 жасты алқымдаған Қамқа Үмбетәліқызының қилы да сыйлы өмірі әркімге-ақ үлгі. Ол 1942 жылы әскерге шақырылып, 1-Қиыр Шығыс майданының 9-Әуе Армиясында әскери қызметте болған. Қайсар қазақтың қызы 1945 жылы Жапониямен болған соғыста әскери ұшуларға қатысып, ерліктері үшін бірқатар орден-медальдармен марапатталған.

 

Сондай-ақ Қамқа апа - Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы, жер қойнауын барлау үздігі, Қазақстан Республикасының дербес зейнеткері.  

 

-Бүгінгі қария Қамқа апаның өмірі, елі үшін жасаған еңбегі жастар үшін өшпес өнеге. Ардагерлеріміздің Отан үшін от кешкені әрбір жастың санасында сақталуы тиіс. Қамқа апамызды және барша ардақты ардагер аналарымызды, жалпы әйелдер қауымын, шуақты көктем мерекесімен құттықтаймыз, - деді алқа төрағасы Ержан Қарабаев.

 

«Ардагер әженің үйіне естелік сыйлықтары мен жеміс-жидектер себетін ала келген сот ұжымы ақжарма тілектерін білдірісті» ,-деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему