Ақтау әуежайының жұмысы 16 мамырдан бастап қайта жанданады
14 Мая 2020 (14:33) | 1673 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Ақтау халықаралық әуежайының директоры Ерғазы Жолдасов мәлімдеді.
-Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша Ақтау әуежайы 16 мамырдан бастап ішкі әуе рейстерді қабылдайды.
«Air Astana» әуе компаниясы бұрынғы ұшу кестесі бойынша «Ақтау-Нұрсұлтан» және «Ақтау-Алматы» бағыты бойынша күніне бір рет жолаушыларды тасымалдайды. Ал, «Sckat» әуе компаниясы «Ақтау-Алматы» бағыты бойынша күн сайын бір рет, ал «Ақтау-Шымкент» бағыты бойынша аптасына екі рет жолаушыларды тасымалдайтын болды. Еліміздің барлық қалаларына ұшатын рейстер іске қосылады.
Тек қана Атыраудағы пандемиялық жағдайға байланысты «Ақтау-Атырау» рейстері әзірге ұшпайды. Сонымен қатар шет мемлекеттерге бағытталған әуе рейстерінің қашан іске қосылатыны да әзірге белгісіз.
Рейстер әуежай алгоритміне, күшейтілген санитарлық нормаларға, сондай-ақ борттағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес орындалады,- деді Ерғазы Жолдасов.
Оның айтуынша, жолаушылар мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс:
- Арақашықтық сақтау. Тіркеу, тексеру, отыру мен түсу кезінде жолаушылардың (1 метр) арақашықтық сақтауы қажет.
- Термометрмен өлшеу. Терминалға кіргенде жолаушылардың дене қызуы тексеріледі.
- Жеке қорғаныш құралдарын пайдалану. Ұшаққа отырғанға дейін және ұшу кезінде жолаушылардың бетпердесі болуы тиіс.
- Жолаушылар ұшудан 2 сағат бұрын әуежайда болуы қажет.
- Шығарып салушылар және күтіп алушы адамдар терминал ғимаратына кіре алмайды.
-Әуе рейстері туралы толық ақпаратты әуе компанияларына хабарласып біле аласыздар,- деп хабарлайдыжағымды жаңалықты таратушы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы.
Суретті түсірген қоғамдық коммуникация орталығы
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему