Облыс әкімдігінде бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы мәселелер талқыланды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 07:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Облыс әкімдігінде бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы мәселелер талқыланды

14 Мая 2020 (11:59) | 1747 | Автор: Нурганым Имашева

Жуырда облыс әкімдігінде өңір басшысы Серікбай Трұмовтың төрағалығымен өткен мәжілісте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Н. Жанназарова бірінші басшылардың бағынысты қызметкердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілігі тақырыбында баяндама жасады.

 

 

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, бейне байланыс арқылы қала, аудан әкімдері және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қатысты.

 

 

Аумақтық департамент басшысы өзінің баяндамасында:

 

- "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдарына енгізілген өзгерістерге сәйкес, саяси қызметшілерге өздеріне бағынысты қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін отставкаға беру міндеті, бірінші басшылар мен құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін тәртіптік жауапкершілік көзделген.

 

Атап айтқанда, саяси  қызметшілердің отставкасы немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі оларға бағынысты  қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған кезде қаралады.

 

Агенттікпен қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың жауаптылығын қарау мәселесі бойынша қадамдық механизмі әзірленді.

 

Отставкаға шығу туралы өтініш берілгеннен кейін, тағайындау құқығы бар адам бір ай мерзімде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

отставканы қабылдау, отставкадан бас тарту, тәртіптік жауапкершілікке тарта отырып, отставкадан бас тарту,- деп  тұжырымдады..

 

 

 

Баяндаманың соңында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында саяси тұлғаларға немесе мемлекеттік органдардың басшыларына қатысты жауапкершілік мәселесі қаралмағандығын жеткізді.

 

Өз кезегінде облыс әкімі С.Трұмов қатысушыларға:

 

-Аумақтық Департамент басшысының баяндамасынан туындайтын деректерге жол бермеу керек және қала, аудан әкімдері тек халық үшін абыроймен жұмыс жасау қажет, -деп ескертті.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему