Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 00:10
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

9 Мая 2020 (11:19) | 2490 | Автор: Нурганым Имашева

Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға Маңғыстау облысының алты мыңнан астам тұрғыны кетті. Олардың төрт мыңы қайтып оралмады, қаза тапты немесе хабар-ошарсыз кетті.

 

 

Тек Маңғыстауда ғана бір батальон, бес ротасы, жалпы әскерлердің 16 взводы, арнайы мақсаттағы төрт взвод: байланысшылар, гранатометшілер, мергендер мен сарбаздардан құрылды.

 

Маңғыстаулықтар Мәскеу мен Ленинград түбіндегі шайқастарға, Сталинград және Курск шайқастарына, Украина, Белоруссия және Балтық маңы аумақтарын азат етуге, Кенигсберг шабуылына белсене қатысты.

 

 

Кеңес Одағының Батыры - бес жүзден астам қазақстандық, оның ішінде Маңғыстаудан шыққан Мәди Бегенов пен Жұмағали Қалдықараев. Даңқ ордендерінің толық иегерлері Кемер Оңғалбаев пен Павел Малаев болды.

 

-Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу коронавирус пандемиясы мен күрделі эпидемиологиялық жағдайында өтіп жатқанына байланысты енгізілген карантиндік шараларға сәйкес өрт сөндірушілерден әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде флешмоб жіберілді.

 

Роликте Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е. Мауленовтың құттықтау сөзімен Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі азаматтық қорғау прапорщигі Қайрат Саймағанбетовтың «Кекті бала» және кадр саясаты бөлімінің бас маман-психологы азаматтық қорғау майоры Дариғи Жолдыбаеваның «Ана туралы баллада» орындауындағы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды,-деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

 

-Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндірушілері ардагерлерді Жеңіс мерекесімен құттықтайды! Ардагерлерімізге тағзым етеміз, Сіздер Ұлы жеңіске ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыздың арқасында жеттіңіздер.

 

Сіздер сыйлаған бейбітшілікті жаңа ұрпақ лайықты бағалайды және жасаған ерліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

 

Құрметті ардагерлер, Жеңіс күні құтты болсын!-дейді маңғыстаулық өртсөндіруші-құтқарушылар.

 

 

Видео дереккөзі Ресей Федерациясындағы

Қазақстан Республикасы елшілігінің ютуб каналынан алынған.

Суреттер yandex.kz

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему