Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылында өрмек тоқитын 80 жастағы батыр ана тұрады
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 15:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылында өрмек тоқитын 80 жастағы батыр ана тұрады

27 Января 2021 (12:12) | 3765 | Автор: Редакция

Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық ауылында тұратын 80 жастағы Дәмелі Мұқанова әлі күнге дейін өрмек тоқып, көзілдіріксіз кітап оқиды. Ол ұлтымыздың қазынасы саналатын бау-басқұр мен 6 қанатты киіз үйдің жабдықтарын әлі күнге өзі дайындайды. 

 

 

Қазақ қолөнерін одан әрі дамытсам деген Дәмелі Мұқанова – 80 жасқа келсе де әлі тың. Шеберқол ананың бөлмесінен ұлттық қолөнер бұйымдарының сан алуан түрін кездестіруге болады. Мұнда 1971 жылы тоқылған бау-басқұр, желбау, текемет, алатеру алаша секілді қолөнер бұйымдары бар.

 

Еңбекті жанына серік еткен шебер, өзінен өген қыздары мен келіндерін, немерелерін бау тоқу мен киіз басу өнеріне баулып келеді. 70 жасқа дейін атқа мініп, өріске қой айдаған батыр ана өткенді былай еске алады.

 

 

«1951 жылдан бері қарай көп қиыншылық көрегеніміз жоқ. Мен 10 жасқа келгесін ақ көп қиыншылық көргеніміз жоқ. Қойдың жүнін иіреміз, киіз қылып басамыз. 10 ға келгесін ақ тырбынып ел қатарлы ере бастадық. Жіпті де еседі, жүнді де сабап киізді де екеуміз баса қоямыз. Шешеміз қажарлы кісі еді. Қаураған, ұзын бойлы, қажарлы кісі болды. Атқа да мінем, қойды да сауарып әкеліп бере қоямын шалыма да әкеме де. Мен жатып ұйықтап өмір сүрмеген адаммын»,-деді Дәмелі Мұқанова.

 

80 жасқа келген Дәмелі Мұқанова 10 ұл-қызды өсірген алтын құрсақты ана. 35 немере мен 20 шөберенің қызығын көріп отырған ол 7 келінін де қолөнердің қыр-сырын үйреткен. Тұңғыш келінінің айтуынша үй тігіп, оған ең бірінші жайлауға көшкен шақта киізге жиек есіп, қылдан жүн түтуді үйреткен.

 

«Осы кісінің қолында 13 жыл тұрдым. Сол жылда түйгенім ілгенім өте көп. Ең бірінші бастап үйреткені бекіту тұсау. Қазақтың салты, дәстүрі. Қалай ою керек, текеметті киізді қалай басу керек осы кісіден соның бәрін үйреніп өстім. Сіңлілері айтып отырады. Сабақты жақсы оқыған. Память өте күшті. Осындай отбасыға келін болып түскеніме қуанамын»,-деді келіні Закон Заманбекқызы. 

 

 

Ісмер әжейдің әлі күнге дейін қимылы ширақ, ісі өнімді. Төрт түлікке жем салып, қора тазалаудан да қалмаған. Көзілдіріксіз кітап оқып, немерелеріне ертегі айтудан жалықпайды. Өрмек құрып, ұршық иіру сүйікті ісі.  Осылайша, бабалардан қалған өлмес мұраны бүгінге дейін жалғап келеді

 

Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему