Өрендер Астанаға барады
13 Июня 2017 (10:42) | 1639
|
Автор: Нурганым Имашева

«Өркениетті келешек» қоғамдық қоры Маңғыстау облысының білім басқармасының «Мектеп оқушыларын Астана қаласында өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатыстыру» әлеуметтік маңызды жобасын жүзеге асырады.
Қоғамдық қордың директоры Гүлбаршын Қарабалинаның мәлімдеуінше, «Жоба аясында жетім балалар мен аз қамтылған отбасыларының дарынды балалары Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатыстырылады».

-Балалар тек көрмеге барып қана қоймай, бос уақытта олар үшін Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында экскурсиялық танымдық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Жоба аясында Астана қаласына сапармен баратын барлық балалардың саны - 50 бала,-дейді «Өркениетті келешек» қоғамдық қорының директоры Гүлбаршын Қарабалина.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



