МАҢҒЫСТАУДА 5 ӘЛЕУМЕТТІК ОБЪЕКТІ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ АУЫЛДАРДЫҢ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖҮРГІЗУГЕ 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
26 Апреля 2020 (12:17) | 1349 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингтеМаңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Әлібекова Марина мәлім етті.
«Ауыл – Ел бесігі» жобасының мақсаты – ауылдағы өмір сапасын жақсарту, ауылдық жердегі инфрақұрылымды жаңалау, оларды Аймақтық стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.
Экономика министрлігі ауылдарды осы жобаға қосу үшін параметрлерді анықтады.
Олар:
- халық санының өсу динамикасы;
- халықтың жұмыспен қамтудың өсу динамикасы;
- ірі елді мекендерге алыс-жақындығы;
- мал және егін шаруашылығы көрсеткіштерінің өсу динамикасы;
- ТОП туристік аймақтар жақындығы;
- ел қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бойынша көрсеткіштер.
Жалпы алғанда, даму үшін потенциалы бар және халық саны көп 28 перспективалы ауылдық елді мекен жобаға енгізілді.
Жоба, аудан орталығы болып табылатын 3 ауылда 2019 жылы іске асырылып бастады. Олар – Маңғыстау, Бейнеу және Шетпе ауылдары (ҚР бойынша – 53 ауыл , 30 млрд. теңге).
2019 жылы 24 жобаны іске асыруға 1,4 млрд.теңге бөлініп, игерілді (республикалық бюджет – 1 204,6 млн. теңге, жергілікті – 173,7 млн. теңге).
4 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі жөнделді. Олар – Шетпе ауылындағы Берекет Жұмалиев атындағы орта мектеп ғимаратын және 300 орындық Мәдениет үйін және Маңғыстау ауылындағы жастар ресурстық орталығын ағымдағы жөндеу және орталық кітапхана құрылысы;
7 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектісі. Олар –Маңғыстау ауылындағы 4 учаскенің көшелеріне жарық тарту және Бейнеу ауылының көшелеріне газ құбырын салу жұмыстары;
3 ауылдағы көлік инфрақұрылымының жалпы ұзындығы 38,2 километр болатын 13 объектісі.
Барлық объектілер мерзімінде аяқталды.
-2020 жылға арналған бюджетте «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында басында 1,6 млрд.теңге қаралған болатын (республикалық бюджет – 1 387,4 млн. теңге, жергілікті бюджет -215,6 млн. теңге). Сәуір айында қосымша 2,5 млрд.теңге бөлінді. Нәтижесінде, биылға арналған жалпы көлем 4,1 млрд.теңгені, оның ішінде республикалық бюджет сомасы 3,8 млрд. теңгені құрады.
7 ауыл бойынша (Бейнеу, Ақшұқыр, Қызылтөбе, Баянды, Басқұдық, Рахат, Шетпе ауылдары) 33 жобаға, соның ішінде:
- 5 әлеуметтік объекті құрылысына және ауылдардың инженерлік инфрақұрылымын жүргізуге – 1,5 млрд. теңге;
- ауылішілік жолдарды салуға және орташа жөндеуге – 2,6 млрд.теңге бөлінеді. Барлығы – 32,2 км. жол салу және 54 км. жолды жөндеу жоспарланған,- деп мәлімдеді Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекова.
Суреттер қоғамдық коммуникация орталығынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему