Маңғыстаі ауданында жаңа медициналық орталық ашылды
31 Марта 2022 (13:19) | 2856 | Автор: Редакция
Аудан орталығы Шетпе ауылынан «Сағын Мед» деп аталатын кешенде медициналық қызмет көрсетілгеніне көп бола қоймады. Емделушілерге енді ғана есігін ашқан Шетпе-1 елді мекеніндегі көп жылдардан бергі халықтың сұранысы бойынша медициналық орталық немесе амбулаторияның жоқ екендігін ескеріп ашылған болатын. Бір дәрігер, 8 мейірбике және бір кіші қызметкерден тұратын медициналық орталықтан елді мекен тұрғындары ем алуда.
«Биылғы жылы наурыз айының он алтыншы жұлдызынан бастап дәрігерлік амбулатория ретінде біз өз жұмысымызды бастадық. Орталықта осы елді мекенде тұратын 3800 тұрғын және 360-тай Тұщыбек ауылының тұрғыны тіркелген. Халыққа барлық медициналық көмек көрсетіледі. Барлық дәрігерлік кеңестер беріледі, невропотолог, кордиолог мамандары келеді деп күтілуде», - дейді аталмыш медициналық огрталықтың бас дәрігері Жанар Сайынқызы. Сәуір айынан бастап Алматы қаласынан жалпы тәжірибелі екі дәрігер келеді деп күтілуде. Олардың бірі 36 жылдық еңбек өтілі болса енді бірінің еңбек өтілі екі жыл. Аталған екі дәрігер де участок бойынша жұмыс жүргізетін болады дейді Ж.Сайынқызы.
Ғимараттың кішкентай болуына байланысты әзірге орталық 4 кереуеттік орынмен ғана ашылып, екі ауысым бойынша жұмыс жұмыс жүргізіп отыр. Түске дейін және түстен кейін 4 сағаттан 8 адамды бір күнде қабылдай алады. Барлық анализдер осы оралықтан алынады. Еңбектеген баладан, еңкейген егде қартқа дейін ем шараларын жүргізетін бұл орталықтың ашылғанына халық ризашылығын білдіруде.
Орталықта УЗИ аппараты бар, рентген аппаратына және оңалтуға қажетті құрал-жабдықтардың барлығына сұраныс беріліп, мамыр айында келеді деп күтілуде. Әр сенбі күні сайын Ақтау қаласынан кімге қандай маман қажет болса сол мамандарға сұраныс беру арқылы, ауылға келіп тұрғындарға қызмет көрсетеді. Ақтау қаласындағы сақтандыру мекемесімен келісім шартқа отыру арқылы жұмыс жасаймыз. Көрсеткен қызметімізге қарай сол мекеме бізге ақы төлейді. Сондықтан да орталықта тегін медициналық қызмет көрсетіледі -, дейді мамандар.
Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему