Маңғыстаулық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс атқаруда
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 12:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс атқаруда

8 Апреля 2020 (19:38) | 2382 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекшісі Рукия Сычеваның мәлімдеуінше, «Карантин жағдайында Қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге шығуы тоқтатылмайды. Әрбір шақырудан кейін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өз бөлімшелеріне қайтып келген кезде дезинфекциялық іс-шаралар кешенін жүргізеді: санитарлық өңдеуден жеке құрам, сондай-ақ өрт сөндіру-құтқару техникасы өтеді.

 

 

Наурыз айында Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері 105 рет өрт пен жануларды сөндіруге шықты, онда құтқарылған және эвакуацияланған адам саны 58.

 

Сондай-ақ наурыз айында жабық бөлмелерден адамдарды құтқару бойынша 21 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, авариялық-құтқару жұмыстарының барысында 14 адам құтқарылды.

 

 

 Негізінен құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып кіретін есіктерді ашты және үш иінді баспалдақты, автосаты мен альпинистік жабдықтарды пайдаланып, балкондар мен терезелер арқылы пәтерлерге кірді.

 

 

Көбінесе құтқарушыларды шақыру үшін пәтерде жабылып қалған есіктің ар жағында шыға алмай қалған қарт адамдар және үйде жалғыз қалған кішкентай балалар себеп болады».

 

Қызмет қызметкерлері мынадай қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:

- балаларды қараусыз қалдырмау;

- электр сымдары мен аспаптарының жарамдылығын бақылау;

- электр желісін асыра жүктемеу;

- тек жарамды электр және газ жабдықтарын пайдалану.

- сөндірілмеген темекі мен сіріңкені қалдырмаңыз.

 

 

Суреттерді түсірген Рукия Сычева

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему