Маңғыстауда мас күйінде көлік жүргізетіндер саны артқан
Курс валют в Актау
на 30/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Вторник,
30 Апреля, 11:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда мас күйінде көлік жүргізетіндер саны артқан

30 Декабря 2019 (16:52) | 2336 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы «Қоғамдық коммуникация орталығында» өткен брифингте Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов мәлімдеді.

 

 

Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы Мадияр Омаровтың мәліметінще, облыс аумағында жол көлік оқиғаларының 17,7%-ға төмендеуі байқалуда (2018 жылдың 12 айында – 320, 2019 жылдың 11 айында – 273), сондай-ақ, дене жарақатын алған адамдардың саны 3,5% (404-тен 390-ға) және қаза болғандардың саны 13,3% (83-тен 72-ке) азайған.

 

Осы жылы жылдамдық режимін бұзу және қарсы қозғалыс жолағына шығуға қатысты 40 факті, жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде артықшылық бермеуге қатысты 174 факті, мас күйінде көлік құралын басқаруға қатысты 15 факті, үй жануарларына қақтығысуымен болған 25 факті тіркелген.

 

-Жол қозғалысы қауіпсіздігіне бірқатар факторлар әсер етеді, оның ішінде автопарктің өсуі, жолдардың жағдайы, елді мекендер жолдарының жарық шамдарымен толық қамтамасыз етілмеуі, көліктегі құқық бұзушылықтарды алдын алудың әлсіздігі.

 

 

Осы және өзге де мәселелерді шешу мақсатында жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдарға осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру және қажетті шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар берілді, - деді Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Ержан Тұрмағамбетов.

 

Еске сала кетейік, қараша айындағы Мәжіліс отырысында Бас прокуратураның ІІМ-мен бірлесе ұсынылған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Құжатқа сәйкес, мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.

 

Суреттерді түсірген «Қоғамдық коммуникация орталығы» және kzvesti.kz

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему