МӘМС бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 17:12
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

МӘМС бойынша жеңілдік кезеңі ұзартылды

3 Апреля 2020 (18:15) | 1382 | Автор: Нурганым Имашева

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылмағандарға медициналық көмекті алу құқығы ұзартылғандығы туралы хабарлайды

 

 

ӘМСҚ-ға аударымдар мен (немесе) жарналар түсірмеген тұлғалардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

 

-Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап МӘМС-ке толық көшу үшін қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді.

 

Алайда, қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сақтандырылмағандарған азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу құқығы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартылды.

 

Бұл туралы ҚР президенті Қ.К.Тоқаев өз мәлімдемесінде атап өтті. Бұл оңтайлы шешім деп есептеймін, - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалының директоры Руслан Бектубаев.

 

 

Осы мерзімге дейін елдің барлық азаматтары, МӘМС қатысушы статусына қарамай, шартты сақтандырылған болып саналады және медициналық көмекті алуына тиіс деп түсіндірді филиал мамандары.

 

-Қазір елде шамамен 16,4 миллион адам сақтандырылған. Оның ішінде 11 миллионға жуығы – әлеуметтік осал топтардың өкілдері. Олар үшін жарналарды мемлекет жасайды. Осылайша, ел халқының жартысынан көбі автоматты түрде сақтандырылған.

 

Қазақстанда МӘМС жүйесі биыл 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Өткен кезеңнің қорытындылары бойынша бұрын ақылы болып есептелетін КТ/MРТ, ультрадыбыстық қызметтердің тұтынуы өсуі байқалады. Сондай-ақ, оңалту және қалпына келтіру емдеріне де сұраныс бар.

 

Қор пациенттердің құқығын қорғауға бағытталғандықтан, медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтерінің сапасын тексергеннен кейін ғана, олар бойынша ақысын төлейді.

 

Жеңілдік кезеңінде әр азамат өзінің сақтандыру мәртебесін анықтап, жарналарды төлеп, МӘМС қатысушысы болуы тиіс,-делінген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау филиалынан келіп түскен ақпаратта.

 

Сурет баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему