Маңғыстауда қан тапшылығы сезілуде
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 11:18
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда қан тапшылығы сезілуде

6 Апреля 2020 (12:08) | 1851 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысы қан орталығына келуші ерікті донорлар саны күрт азайды. Біреуге қан тапсыру арқылы өмір сыйлау, бұл әлемдегі ең қымбат сыйлық. Жалпы қан құю өмірге сәби келгенде, жол-көлік оқиғасынк түскендерге және тағы апаттардан зардап шеккендердің өмірін сақтайды, сонымен бірге ағзасы ауыр аурулармен, атап айтқанда, қатерлі ісікпен күресетін адамдарға ауадай қажет.

 

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Бүгінде теріс факторы бар бірінші, екінші және үшінші топтағы қанның болмауы біраз қиындық туғызып отыр. Сондай-ақ, тромбоциттер донорлары қажет. Әрбір адам облыстық қан орталығына келіп, донор бола алады. Алайда сауапты іске ат салысуға дайын тұрған белсенділер азайған.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың тарауын пандемия деп жарияланған күннен бастап, барлық елдерде сақтық шаралары мықтап қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде төтенше жағдай жариялады. Ал, үстіміздегі жылы сәуір айының 3 мен 15 аралығында Маңғыстау өңірінде карантин енгізілді. Яғни көшеге шығушылар азайды. Бірақ, қанға сұраныс күн санап арта түсуде. Сол себепті облыстық қан орталығы ерікті донор болатын жандарды күтеді.

 

Маңғыстау облысы қан орталығы қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Гүлнафис Кунашева қан тапсырып тұру адам ағзасына пайдалы екенін айтады. Әсіресе, қан-тамырлар ауруына шалдықпауға септігін тигізеді және қан қысымын төмендетеді.

 

-Қанды үйде жатып онлайн режимде тапсыра алмайды. Сол себепті қан орталығына аяқтай келуге тура келеді. Біздің орталық демалыссыз жұмыс жасауда. Сағат таңертеңгі 09.00 мен күндізгі 13.30 аралығында келуге болады. Мекенжайы: Ақтау қаласы 34 ш/а орналасқан.

 

Донор болғысы келетіндер болса күні бұрын дайындалып келгуге кеңес береміз. Кешкі сағат 18.00-ден кейін майлы тамақ жеуге болмайды. Сұйық тағамды ішіп, жақсы демалып келген дұрыс. Таңертең сүтсіз шәй ішуге және піспенан жеуге болады. Әрбір келуші бетперде, бахила және медициналық қолғаппен қамтамасыз етіледі, - дейді ол.

 

 

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі:

 

- Негізінен қан және оның компоненттері облыстық және қалалық перинаталдық орталықтарға, онкологиялық диспансер, облыстық және көпбейінді балалар ауруханасында ем алып жатқан науқастарға аса қажет.

 

Қан тапсыру адамның ағзасына оң нәтиже береді. Қорқатын ештеңесі жоқ. Кейбір адамдарда қате түсінік бар, яғни қан тапсырғанда иммунитет түсіп кетеді деушілер көп, алайда қан тапсырған адамның иммунитеті керісінше көтеріледі. Адам бойында жаңа клеткалар пайда болып, қан жаңарады. Сол себепті сауапты істен құр қалмайық,-деп мәлімдейді өз хабарламасында.

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему