Маңғыстауда көп пәтерлі тұрғын үйлерде дезинфекция жасау жұмыстары атқарылуда
31 Марта 2020 (12:56) | 2341 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
-Ақтау қаласы бойынша 78 басқарушы орган (КСК, ПКСК, ИП, ТОО) және 1062 көп пәтерлі тұрғын үй бар.
Көп пәтерлі тұрғын үйлердің дәліздерін дезнифекциялау жұмыстары басқарушы орган қызметкерлерінің және тұрғындардың күшімен күніне кем дегенде бір, екі реттен жүргізілуде.
Атап айтқанда тұрғын үйде адамдар көп пайдаланатын орындарды (лифттер, дәліздер, есік тұтқалары, домофон құрылғылары) дезинфекциялау қоспалармен тазалау және профилактикалық жұмыстары жүргізілуде,- деді Айдос Хамиев.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, «Жаңаөзен қаласы бойынша 29 басқарушы орган және 262 көп пәтерлі тұрғын үйлерден құралған.
Қалған аудандарда жергілікті әкімдік, басқарушы орган қызметкерлерінің және тұрғындардың күшімен дезинфекция жүргізілуде (Мұнайлы ауданы – 85 КПТҮ, Қарақия ауданы – 119 КПТҮ, Бейнеу ауданы 90 КПТҮ, Маңғыстау ауданы -45 КПТҮ, Түпқараған ауданы – 27 КПТҮ).
Аталған жұмыстарды ұйымдастыру және бақылау қалалар мен аудандар әкімдіктерімен іске асырылуда».
Суреттер Ақтау қаласы әкімдігінің сайтынан
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему