Қарақшылар тиісті жазасын алды
29 Января 2017 (22:45) | 1425 | Автор: Нурганым Имашева
Ақтау қалалық сотының 15.12.2016 жылғы үкімімен сотталушылар «Ф»,«У», «М», «К», «Г», «Р»және «А» Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының2-бөлігі, 191-бабының 2-бөлігі және 192-бабының бөлігінде (ұрлық, қару қолдану арқылы тонау және қарақшылық) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды бірнеше рет топ болып, жасағандары үшін кінәлі деп танылып, жеке мүліктері тәркілене отырып, әрқайсысы 3 жылдан 6 жылға дейін мерзімге бас бостандықтарынан айыруға сотталды.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында, жоғарыда көрсетілген сотталушылар қасақана,алдын-ала қылмыстық сөз байласып, беттерін жауып, қару қолдану арқылы Ақтау қаласының көлемінде орналасқан бірнеше азық-түлік дүкендеріне шабуыл жасаумен, жәбірленушілердің ақшаларын ашық жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.
Бұл туралы біздің басылым редакциясына Ақтау қаласының прокуратурасы жолдаған.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему