«Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» атты әлеуметтік-маңызды портал ашылды
Курс валют в Актау
на 20/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
20 Апреля, 16:17
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» атты әлеуметтік-маңызды портал ашылды

8 Мая 2018 (10:07) | 2189 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық ішікі істер Департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылдың 3 мамыры күні Қазақстан Республикасы ІІМ-де тұтқынға түскен Кеңес Армиясының 60 мың жауынгері туралы мәлімет орналастырылған «Ұлы Отан соғысының әскери тұтқындары» атты  әлеуметтік-маңызды порталдың тұсаукесері өтті.

 

 

Әскери тұтқындардың туыстары бұл жерден олардың туған жылы, тұратын жері, соғысқа дейінгі алған мамандығы, жұмыс орны, әскери қызметке шақыру күні мен орны, қызмет жасаған орны, күні және тұтқынға түскендегі орны, тұтқыннан босату уақыты туралы  мәлімет ала алады.

 

Маңғыстау облысы ІІД арнайы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері де порталды құру жұмысына да өз үлестерін қосты. Біздің облыстың 586 тұрғыны фашист тұтқынынан өтті. Украинаның, Польшаның, Беларуссияның, Литваның, Латвияның, Эстонияның, Австрияның, Финляндияның, Францияның, Италияның, Чехияның, Словакияның, Германияның концентрациялық лагерлері.

 

 

Біздің отандастарымыз 75 неміс лагерінде болды. Олардың еңбегін шахталарда, тас кесетін жерлерде, зауыттарда, бомбалаудан кейінгі жолдарды салуда, ормандарды кесу кезінде және помещиктерге қызмет етуге пайдаланды. 17 адам тұтқында қайтыс болды. Көпшілігінің тағдыры белгісіз.

 

Маңғыстау облысының ІІД-де толығырақ ақпаратты табуға болады, мұрағат қызметкерлерімен мұрағаттағы істерден алынған тарихи құжаттардың, әскери тұтқындардың фотосуреттерімен кеңейтілген алфавиттік анықтамалығын жасады.

 

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің «MemoriaL.ru», «Память народа.ru»   порталымен салыстырып, тексеру жүргізілді, әскери-айдау пукттерінің материалдары, неміс лагерлерінің кәртішкелері және тағы да басқа құжаттары негізінде анықтамалықтағы  жетіспейтін олқылықтар толтырылды.Мұнда әскери тұтқының босатылғаннан кейінгі тұрған орны туралы ақпаратты таба аласыз. Сондай-ақ анықтамалық жанұя мүшелері, олардың білімі туралы мәліметтермен толықтырылған. Қайтыс болған адамдардың  жерлеу орындары көрсетілген.

 

Суреттерді ұсынған Маңғыстау облыстық ішікі істер Департаментінің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему