Айдос Хамиев: «Тұрғындар коммуналдық төлемақыдан босатылмаған, тек ТЖ аяқталғанға дейін төлемдерді кідіртіп төлеуге болады»
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 03:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Айдос Хамиев: «Тұрғындар коммуналдық төлемақыдан босатылмаған, тек ТЖ аяқталғанға дейін төлемдерді кідіртіп төлеуге болады»

30 Марта 2020 (19:13) | 2068 | Автор: Нурганым Имашева

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізілген болатын. Осыған байланысты, Маңғыстау облысы Азаматтық қорғанысының Энергетика қызметі жұмыс атқаруда және негізгі мақсаты облыс тұрғындарын үздіксіз энергоресурстармен қамтамасыз ету. Барлық әлеуметтік нысандар автономды генераторлармен қамтылған.

 

 

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде (апат және т.б.) облыс халқын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 180 000 текше метр ауыз су қоры бар. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Айдос Хамиев Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында мәлімдеді.

 

-Қазақстан Республикасы Президентінің Covid-19 инфекция жағдайы туралы және кризиске қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін, облыс әкімдігімен тұтынушылардың коммуналдық қызметтерді төлеуге қатысты коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелермен тиісті жұмыс атқарылды.

 

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай аяқталғанға дейін Маңғыстау облысының барлық тұтынушылары үшін қарыздарды өндіріп алуды тоқтата тұру шаралары қабылданып, коммуналдық қызмет түрлерімен (электр энергиясы, газ, жылу, су) үздіксіз қамтамасыз етілетін болады.

 

Бұл ретте, тұрғындар коммуналдық қызметтерге ақы төлеуден босатылмағанын, тек төтенше жағдай аяқталғанға дейін қажетті жағдайда ғана келісіммен төлемдерді кешіктіріп төлеуге болады,-деп мәлімдеді басқарма басшысы Айдос Хамиев.

 

Сурет Қоғамдық коммуникация орталығынан

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему