Жұмыссыз жастарға мамандар тарапынан мүмкіндіктер ұсынылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:02
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жұмыссыз жастарға мамандар тарапынан мүмкіндіктер ұсынылды

15 Февраля 2018 (18:57) | 3694 | Автор: Нурганым Имашева

Бүгін «Жастар үйінде» Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының «Жастарға қызмет көрсету» бөлімінің және «Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының» бірлесе ұйымдастыруымен жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатындабасқосу өтті.

 

 

Жастармен кездесуге Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан Орынбайұлы Тұяқов, Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының директоры Жеткізген Досан Жеткізгенұлы және «Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығының», Маңғыстау облысының «Жаңа серпін» орталығының мамандары, сонымен қатар «Ақтау қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері, өзге де қызмет ұсынушы біраз мекемелердің өкілдері қатысты. Шарада «Ақтау қалалық жұмыспен қамту орталығы» өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынып, жастар тәжірибесін түсіндірсе, Маңғыстау облыстық «Жаңа Серпін» орталығы жастарға арналған оқу түрлерін ұсынды.

 

Жұмыс іздеп келген жастар алдында сөйлеген сөзінде Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Бауыржан  Тұяқов:

 

-Бүгінгі шараға қаламыздағы 7 компания қатысып отыр. Олар өздерінің 41 бос жұмыс орындарын ұсынуда. Біз жұмыссыз жастардың тізімін алып, 60 шақты жасқа телефон соғып, оларды бүгінгі шараға Орталыққа шақырдық.

 

Жастар, өздерің көріп отырғандай сіздермен кездесуге келген компаниялар өкілдерімен тілдесіп, олардан өздеріңізге қажет бос жұмыс орындарын қарастыруға мүмкіндіктеріңіз бар.

 

Әрине, өңірде жастар арасындағы жұмыссыздықмәселесі өтеөзекті. Көптеген бағдарламалар бұл мәселені шешуге бағытталып жүзеге асырылуда. Осы бағыттағыбағдарламаларды жастарға түсіндіріп айтып жатырмыз.

 

«Дипломмен - ауылға», «Жастар практикасы», «Жас түлек» бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Біз жастарға айтамыз: келіп осы бағдарламаларға қатысуға болады.Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығы жастар мен жұмыс берушілердің арасында делдал болып отыр. Бізде жұмыссыз жастардың базасы бар. Сол арқылы жастардың жұмысқа орналасуына ықпал ету мақсатында Орталық қызметкерлері өңірдегі мекемелермен байланысу арқылы арнайы жұмыстарды  жүргізіп отырады,-деп мәлімдеді.

 

 

Бауыржан Орынбайұлының айтуынша, «Жақында «Жастар үйінде» коворкинг орталығы ашылмақ. Оған келген кез-келген жас өзінің проблемасын айтып, мұндағы мамандардың көмегімен соның шешімін табуға мүмкіндік алады».

 

Шараға арнайы келіп қатысқан Маңғыстау облысының «Жаңа серпін» Орталығының мамандары жастарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдайлар, оқыту, жұмысқа қабылдау және қысқа оқыту курстарына қабылдау арқылы екінші мамандыққа оқыту мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

 

-Жыл соңына дейін біз 1555 адамды оқытуымыз керек. Бүгінгі таңда 71 азаматты оқыттық. Жергілікті атқарушы органдар бойынша қаңтар айына 159 вакансия келіп түсті. Үміткерлер келіп жатыр, жұмысқа қабылданып жатыр, хабарландырулар беріліп жатыр. Қазіргі таңда «Мемлекеттік құқықтық сауат ашу» деген мекеме бар, сол арқылы біз азаматтарды мемлекеттік қызметке орналасу үшін арнайы тапсырылатын тесттерге дайындықтан өткіземіз. Әр курс сайын 15 күн бойына 16 адамнан оқытамыз, 20 ақпанда келесі оқыту басталады. Қазір сәуір, мамыр айларына жазылып жатыр азаматтар. Оқып бітіргендер сертификат алады. Міндетті түрде жоғары білімі бар азаматтар алынады оқытуға, мамандығы бойынша талаптарға сай болғандармен сұхбаттасу жүргізіледі.

 

 

Сонымен қатар, еңбек нарығында сұранысқа ие болып отырған мамандықтарға қысқа оқыту курстарында да оқыту арқылы азаматтарға қосымша мамандықтар беру бағытында да жұмыс жасап жатырмыз. Монтаждаушы, дәнекерлеуші мамандықтарына сұраныс көп,- дейді Маңғыстау облысының «Жаңа серпін» орталығының мониторинг бөлімінің басшысы Меруерт Кемелқызы Досанова.

 

Шараға келген жұмыс іздеуші Сүйеуов Наурызбай есімді азамат:

 

Мамандығым – жүргізуші. 18 жыл жұмыс өтілім бар. Үш жылдан бері жұмыс іздеудемін. «В», «С» категориялары бойынша жүргізуші болып орналасқым келеді. Бүгінгі шара туралы хабарландыруды естіп, осында келген жайым бар. Мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қалаймын,-дейді өз түйіндемесін тапсырып жатып.

 

Жастардың арасындажұмыссыздық деңгейін түсіру және сұранысқа ие мамандықтарды жұмыссыз жастарға ұсыну мақсатында арнайы ұйымдастырылған кездесу бос орындар жәрмеңкесіне ұласты. Шараға 60 - қа жуық жас қатысты. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему