Серікбол Қондыбай шығармасындағы мифтік кейіпкерлер кастюмдерінің сән-көрсетілімі өтті
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 05:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Серікбол Қондыбай шығармасындағы мифтік кейіпкерлер кастюмдерінің сән-көрсетілімі өтті

24 Декабря 2019 (09:54) | 3397 | Автор: Нурганым Имашева

Күні кеше Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылында қазақтың мифология ғылымына жол ашқан, әлемдік мифологияға тың пікірлерін қосқан ғалым Серікбол Қондыбай шығармасындағы мифтік кейіпкерлер қайта оянды.

 

 

Оның еңбектерін зерттей отырып, өз қиялынан дүниеге әкелген танымал дизайнер Тәрбия Айдымбаеваның сән-көрсетілімі Серікболдың есімі берілген мұражайда кең ауқымда аталып өтті. Ол мифтік кейіпкерлер кастюмдерінің жағымды және жағымсыз образын бір жарым жылда дайындап шығарған. Жиынға елімізге танымал тұлғалар, облыстық басқарма басшылары, аудан әкімдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

 

 

Шарада сөз алған ел ағалары, ғалымның жазған тылсымға толы еңбектерін, аз ғана ғұмырында қазаққа жетерліктей дүние қалдырған тарихшы-этнограф екенін айтып өтті.

 

 

Музей мамандары өлкетанушы Серікболдың шығармаларындағы төмен, орта және жоғары дүние деп үш кезеңге бөлген таңғажайып еңбектернің экспонаттарын арнайы мұражай ішіне жасақтаған.

 

 

Заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы: «Бұл саңлақ таланттың саяқ зерттеушілік ізденістеріне, ерек елжандылығы мен еңбексүйгіштігіне таңғалмасқа шара жоқ. Арманда кеткен азаматтың жер бетіндегі ізі суымай жатып, ол қалдырған еңбектердің сиясы кеппей тұрып ғылыми сарапқа түсуі – аса сүйінішті жағдай» деген болатын.

 

 

- Көкірегінде көне күннің күмбірі күбірлеп, ескіден сыр аңдып, бүгінгі тірлігіміздің түп бастау, негіз тірегін іздеген Серікбол еңбегі – шексіз, шетсіз әлем,- делінген осы ақжолтай жаңалықты таратқан Өңірлік коммуникациялар қызметінен жолданған ақпаратта.

 

 

Суреттерді түсірген Өңірлік коммуникациялар қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему