Жат дінге еріп, жазаға тартылды
Курс валют в Актау
на 22/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
22 Ноября, 15:55
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жат дінге еріп, жазаға тартылды

26 Февраля 2018 (12:28) | 1389 | Автор: Нурганым Имашева

Ақтау қалалық сотында судья А.Нағашыбаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 174 бабы 1 бөлігімен cотталушы 1989 жылы Маңғыстау облысында туған :Ж.М.-тың сотқа берілген қылмыстық ісі қаралған.

 

 

ЖАТ АҒЫМНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ

 Сот материалдарынан белгілі болғанындай,  сотталушы Ж.М.  2010 жылдан бастап дінге бет бұрып «Ахлисунна» масхабын ұстанып, 5 уақыт намаз оқи бастаған. Осы мақсатта ол діни оқу орындарынан тыс, өз бетінше «Интернет» желісінен «Ділмұрат Әбу Мухаммадтың» лекцияларын тыңдап өз білімін әрі қарай жалғастырған. Содан 2017 жылдан бастап ақпараттық – коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, өзінің «Айфон-7» маркалы смартфонды ұялы телефонының көмегімен «Интернет» желісіне шығып, «Ділмұрат Әбу Мухаммадтың» «Бидағатқа ерушілерді қалай жек көреміз», «Селәфи мен такфиридің айырмашылығы туралы», және «Селәфи деген не» - атты заңмен тыйым салынған лекциялық аудиотаспаларын жазып алып, оларды өзінің «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Жәнибек Иброхим» атауымен тіркелген жеке парақшасына сақтаған және «Интернет» желісінің барлық қолданушыларына қолжетімді етіп жария еткен. Көрсетілген аудиотаспаларды  сотталушы Ж.М.-тың жеке парақшасына кірген адамдар қарап, олардың астарына ұнайды (лайк) деген белгі қойған. 15.12.2017 жылғы №43 санды кешенді сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысынан сотталушы Ж.М.-тың жеке парақшасындағы құжаттарда әлеуметтік және діни алауыздықты қоздыруға, сол сияқты азаматтардың дінге артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау   белгілері барлығы анықталған.

 

КІНӘНІҢ ДӘЛЕЛДЕНУІ

- Сотталушы Ж.М. басты сот талқылауында кінәсін толықтай мойындап, осы үкімнің сипаттау бөлігінде көрсетілген мән-жайларын толықтай қуаттап, бас бостандығынан айырмайтын жеңіл жаза тағайындауын сұрап айғақ берді.

 Қазақстан Республикасының Конституциясының  77-бабына,1966 жылы 16 желтоқсанда қабылданған және 28 қараша 2005 жылы ратификацияланған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» Халықаралық пактінің 14-бабына сәйкес, қылмыстық iс бойынша айыпталған әрбір адам, кiнәсi заң бойынша дәлелденгенге дейiн, кiнәсіз деп есептелуге құқылы.

Сотталушының кінәсі өзінің толық мойындауымен қатар, сотқа дейінгі тергеп - тексеру кезінде қолданыстағы  заң талаптарына сай жинақталған басты сот талқылауында жан-жақты толық зерттелген дәлелдемелермен дәлелденді, - деді сот отырысында төрағалық еткен судья А.Нағашыбаев.    

 

 

Судьяның мәлімдеуінше,  «Куә М. басты сот талқылауында інісі кейінгі жылдары намазға жығылғанын. «В контакт» әлеуметтік желісінен парақша ашқанын. «Жәнибек Иброхим» атты парақшасына адамдар емін еркін кіріп, шығарған жаңалықтарымен танысып отырғуға мүмкіндігі болғанын айтып  айғақ берді. 15.12.2017 жылғы №44 санды кешенді сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысынан: 1. Зерттеуге ұсынылған 1 (бір) дана «DVD-R» форматтағы дискіде билікті күштеп құлатуға, билікті немесе еліміздің конституциялық құрылысын күштеп жаулап алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұтастығын және оның аумағының бірлігін күштеп бұзу белгілері жоқтығы. 2.Зерттеуге ұсынылған құжаттарды әлеуметтік және діни алауыздықты қоздыруға, сол сияқты азаматтардың дінге артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау   белгілері барлығы. Ал азаматтардың ұлттық ар-намыс, қадір-қасиетімен  діни сезімдерін қорлау белгілері, сол сияқты азаматтардың дінге көзқарасы, тектік-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатыстылығы белгілері бойынша олардың артықшылығын не толыққанды еместігін насихаттау белгілері жоқтығы анықталды (т-1, іс п-39-44).

 

07.07.2017 жылғы Қызылорда қалалық сотының шешімімен «Бидағатқа ерушілерді қалай жек көреміз» атты файлдары экстремистік деп танылып, олардың Қазақстан Республикасының аймағына әкелуге, шығаруға, дайындауға және таратуға тыйым салынғандығы анықталады (т-1, іс.п-57-60).

 

20.12.2017 жылғы заттар мен құжаттарды табыс ету туралы хаттамадан Ж.М.-тың «Айфон-7» ұялы телефонын өз еркімен тапсырғандығы анықталды (т-1 іс п-73). Сот осы дәлелдемелерді қорытып бағалай отырып, сотталушының кінәсі толықтай дәлелденген деп тапты. Сотталушы Ж.М.-тың қылмыстық іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 174 бабы 1 бөлігімен дәрежелеуге жатады. Себебі ол әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алаусыздықты қоздыру, яғни әлеуметтік және діни алауыздықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дінге көзқарасы артықшылығын және толыққанды еместігін насихаттау, егер бұл әрекеттер ақпараттық – коммуникациялық желілерді пайдалана отырып жасалса деген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

 

Сотталушы Ж.М.-тың кінәсі басты сот талқылауында өзінің жасаған қылмысын толығымен мойындаған жауабымен, тергеп тексеру кезінде берген куәлардың жауаптарымен, сонымен қатар тергеп-тексеру органымен жинақталған құжаттармен, кешенді сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, айғақ зат ретінде іске тіркеу туралы қаулысымен толықтай дәлелін тапты».

 

СОТ ҮКІМІ

 

 

- Сот Қазақстан  Республикасының Қылмыстық кодексінің 53 бабына сәйкес, сотталушы Ж.М - тың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасаған қылмысын толығымен мойындап, шын жүректен өкінуінін, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, жастығын, тұрғылықты жерінен жағымды мінездемесін ескерді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 54 бабына сәйкес, сотталушы Ж.М.-тың іс-әрекетінде қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлары анықталған жоқ.

Жаза қолдану кезінде сот сотталушы Ж.М.-тың  шын ниетімен өкінетінін, тұрғылықты жерінен жақсы мінезделетінін, оның іс-әрекеттерінен қандай да болсын ауыр нәтиже, нұқсан келтірілмегенін ескере отырып бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындағанды дұрыс деп тапты,-дейді сот отырысында төрағалық еткен судья А.Нағашыбаев.

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 382, 387-390, 393, 395-398, 401, 402 баптарын басшылыққа алып, сот

Ү К І М Е Т Т І:

М. Ж. К.  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174 бабы 1 бөлімінде көзделген қылмыстық әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі  деп танылсын, оған  осы бап бойынша 4 (төрт) жыл мерзімге бас бостандығын  шектеу  жазасы тағайындалсын.     

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 44 бабы 2 бөлігіне  сай  сотталған Ж.М.-қа  тағайындалған мерзімге пробациялық бақылау белгіленсін және келесі міндеттерді орындау: жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұрғылықты жерін, жұмыс, оқу орнын өзгертпеу, көңіл көтеретін орындарға, мейрамханаларға бармау  жүктелсін.

 

Жүктелген міндеттерді тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 44 бабы 3 бөлігінде көзделген жауапкершіліктері түсіндірілсін.

 

 

Жаза өтеу мерзімі пробация қызметіне есепке алынған күннен бастап есептелсін

Сотталған Ж.М.-қа үкім заңды күшіне енгеннен кейін 10  күн мерзімде Ақтау қалалық пробация қызметіне барып есепке тұру міндеттелсін.

Сотталған Ж.М.-тың тәртібін бақылау Ақтау қалалық пробация қызметіне жүктелсін.

Қазақстан  Республикасының Қылмыстық Кодексінің 44 бабы 1 бөлігіне сәйкес, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған М.Ж.К.  жергілікті атқарушы органдармен айқындайтын орындарда, 100 (жүз)  сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылсын  

 

Жат діни ағымның жетегінде кеткен жас жігіт осылай сотты боп тынды. Бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған ол жазасын өтеген күннің өзінде сотталған деген аттан арылмасы анық және ол атау болашақта өмірінің көптеген сәтінде және балаларының да мемлекеттік қызметке немесе органдарға қызметке тұруына келешекте кедергі болары сөзсіз.

 

Суреттер advokatura.kz сайтынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему