Маңғыстаулық тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақов Қазақстандағы айқындалған экология амбассадорларының бірі болды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 09:23
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақов Қазақстандағы айқындалған экология амбассадорларының бірі болды

6 Февраля 2020 (10:57) | 1530 | Автор: Нурганым Имашева

Нұр-Сұлтан шаһарында ҚР Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың төрағалығымен республикамыздың түпкір-түпкірінен келген қоғам белсенділері, волонтерлер, мемлекеттік құрылымдар мен халықаралық ұйым өкілдерінің бірінші республикалық эко-слеті өткізілді.

 

 

Басқосуда қоқыстарды сұрыптау, қатты-тұрмыстық қалдықтарды тұтынуды жəне олардың пайда болуын азайту, экологиялық сана мен тәрбиенің маңызы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау, экологиялық заңды бұзушылармен бітіспес күрес секілді маңызды мәелелер сөз болды.

 

Аталмыш шараға Маңғыстау өңірінен биолог әрі тәуелсіз эколог, "Табиғи орта" Батыс Қазақстан бойынша ҮЕҰ аймақтық қауымдастығы кеңесінің төрағасы, «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» РҚБ Маңғыстау филиалының жетекшісі, Орталық Азия бастамасының аймақтық үйлестіру комитетінің мүшесі Әділбек Қозыбақов қатысқан болатын.

 

Оның айтуынша, халықтың экологиялық санасын өзгертудегі қоғамның рөліне көбірек көңіл бөлінбек. Бүгінде адам баласның табиғатпен ара қатынасы, біздің күнделікті тіршілігіміздің қоршаған ортаға әсері ерекше екендігін әрбір азамат сезінуі тиіс.

 

 

-Расында да, экологиялық сана өзгермей, табиғатты құрдымға жіберіп алу оп-оңай. Бұл проблема тек мемлекеттің мүддесі болуы тиіс, қарапайым тұрғындар бұған бас ауыртуға міндетті емес деген пікірден арылу қажет. Қоршаған ортаны қорлау емес, қорғауды үйренуіміз керек. Бір Маңғыстаудың өзінде экологиялық мәселелер жетіп артылады. Ал экологиялық ахуалды жақсартуға әрбір адам өзінің үлесін қосса, қасиетті Маңғыстау ең таза әрі қауіпсіз өңірге айналары сөзсіз, - дейді ол.

 

Сонымен қатар, белгілі болғандай алда өтетін эко-белсенділерінің слеті өңірлердегі бірлескен экологиялық жобалардың басталуына серпін бермек. Осы мақсатта еліміздің әрбір өңірінен экологиялық бастамалардың жүзеге асырылуын қадағалап отыратын амбассадорлар белгіленді.

 

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Волонтерлер жылы» министрліктің «Birgemiz: Taza Álem» атты жалпыұлттық жобасын іске асыру жоспарда бар. Оның аясында экология саласындағы волонтерлердің деректер базасы жасалады және «Taza Alem» атты 3 волонтерлерді әдістемелік қолдау орталығы құрылмақ.

 

Нұр-Сұлтанда өткен кездесу нəтижесінде жол картасы құрылып, оған белсенділердің барлық бастамалары мен ұсыныстары енгізілмек. Бұл бастамалар жыл ішінде орындалмақ.

 

 

Суреттерді ұсынған облыстық экология Департаменті

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему