Маңғыстау облыстық сотының жұмысы мен ақпараттық технологияларды таныстыру ұйымдастырылды
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 19:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотының жұмысы мен ақпараттық технологияларды таныстыру ұйымдастырылды

18 Ноября 2016 (16:54) | 1765 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

            Маңғыстау облыстық сотында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған 11 қадамының жүзеге асырылғаны туралы хабардар ету және сот жүйесіндегі жаңа электрондық технологиялармен таныстыру мақсатында жұртшылыққа арналған пресс-тур өткізілді.

 

 

            Арнайы ұйымдастырылған шараға облыстық мәслихаттың депутаты, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар және БАҚ өкілдері шақырылыпты. Жиналғандарды облыстың сот саласының  қол жеткізген жетістіктерімен таныстырған БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судья Айжан Молбаева:

-                     «100 нақты қадамның» 20-қадамында мемлекет басшысы барлық сот процестерін дыбыс-бейнетаспа құралдарына жазу міндетін жүктеген болатын. Осы тапсырма аясында облыс соттарындағы барлық сот залдары 100 пайыз дыбыс-бейне жазба құралдарымен жабдықталған, - деп атап өтті.

 

Шараға сонымен қатар Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қарабаев Ержан Өсерханұлы бастаған судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Өңірдегі сот саласының жұмысымен танысуға келгендерге сот ғимаратынан бастап, кеңсе жұмысы, сот отырысы өткізілетін залдар, олардың жаңаша түрдегі технологиялық жабдықталуы, судьялардың қызметі таныстырылды. Мамандар облыс соттарында қаралған істер, олардың санаттары, бітімгершілік және медиация қолданысының жай-күйі туралы толық мәліметтерді ұсынды.

Сонымен қатар, мемлекеттік баж салығын төлеу, талап арызды тіркеу, сот қызметкерлерінің ұялы телефон арқылы смс-хабарлама жіберуі, гибридтік электрондық пошта, сервис арқылы жіберілген смс-хабарламалар туралы толық түсініктемелер берілді.

Сот залдарына кірген қонақтар сот процесінде аудио-видео құралдарының қолданылуы, жазбалардың сақталуы, жазбаны тоқтатуға, қайта тіркеуге, жоғалтуға болмайтыны, туралы мүмкіндіктермен жақынырақ танысты. Тараптардың сот процесіне қашықтықтан қатысу мүмкіндігінің бар екені де атап өтілді. Ақпараттық технологиялардың сот жүйесіндегі мүмкіндіктері, оның ішінде «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арызды, өтінішті беру, хатты жолдау, сот істерін қарау кестесі, сот  істерімен танысу бөлімдері слайдтар мен электронды жүйе арқылы көрсетілді.

Пресс-турды өткізген облыстық соттың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судья Айжан Молбаева:

-                     Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын бөлігінде 11 қадам түгелдей сот жүйесіне арналған.

Азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инсталяцияларын оңтайландыру міндеті жүктелген болатын. Нәтижесінде биылдан бастап еліміздің сот жүйесі бес сатылыдан үш сатылы сот төрелігі жүйесіне көшіп, тиімді жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, Елбасы тапсырмасымен судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктері көбейтіліп, біліктілік талаптары қатаңдатылды.

100 нақты қадамның бірі – судьялардың есеп беру тәртібін күшейту болатын. Осы орайда биыл судьялардың жаңа Этикалық Кодексінің жобасы жасалып, ол алдағы болғалы отырған съезде қабылданады деп күтілуде.

20 - қадамда Президент барлық сот процестерін дыбыс-бейнетаспа құралдарына жазу міндетін жүктеген болатын. Осы тапсырма аясында облыс соттарындағы барлық сот залдары 100 пайыз дыбыс-бейне жазба құралдарымен жабдықталды. Кез-келген процесс бойынша судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі қатаң түрде шектелді, -деп атап өтті.

Таныстыру шарасы барысында сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы негізінде қатысушылардың ашық пікір алмасуына жағдай жасалып, әңгімелесу барысында қонақтар тарапынан сот мамандарына сауалдар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді және Елбасының «Ұлт Жоспарын» орындау бағытында облыстың сот жүйесінде көптеген нақты шаралардың жүзеге асырылып, сот саласындағы қолданылып жатқан ақпараттық технологиялардың жұмысының жағымды нәтижелері бар екендігі туралы айтылып, 21 қарашада Астанада мемлекет басшысының қатысуымен өтетін Қазақстан судьяларының кезектен тыс VII съезінен күтілетін нәтижелер туралы әңгіме қозғалды.

Пресс-турға қатысушылар тарапынан облыстық сот саласының жұмысына жоғары баға беріліп, осындай шаралардың жалғасы болуы қажет деген ұсыныстар айтылды.

 

 Фото автора

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему