Ауыл мектебінің кітапханасы әлемдік әдебиет жауһарларымен толықты
7 Апреля 2021 (15:39) | 2319 |
Автор: Редакция
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігінің «Оқуға құштар мектеп» жобасы бекітілді. Ерекшелігі көркем әдебиеттердің тізімі 4 бағытта жүзеге аспақ.
Олардың қатарына еліміздің үздік классиктерінің, әлем әдебиеті жауһарларының және қазіргі заман ақын –жазушылардың кітаптары енетіндігі айтылған. Бұл бағытта Түпқараған ауданындағы Сайын-Шапағатов мектеп-гимназиясы «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын бастады.
Акция аясында мектеп директоры Жансая Молдажанова өз мектебінің кітапханасына Нобель сыйлығын иеленген шетелдік авторлардың қазақ тіліндегі аудармаларын табыстап, эстафетаны барша маңғыстаулық мектеп ұжымдарына жолдады. Сайын-Шапағатов мектеп–гимназиясына тарту етілген кітаптар тізімінде: Габриель Гарсиа Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық», Орхан Памуктың «Менің атым Қырмызы», Халед Хоссейнидің «Жарқыраған мың күн» кітабынан бөлек өзге де үздік туындылар бар.
- Мектеп кітапханасында көркем әдебиет саны 576, оның 200-ге жуығы балалар әдебиеті. Қазіргі уақытта оқырмандар саны 400-ге жақын. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Оқуға құштар мектеп» жобасы біздің кітапханадағы кітап қорының қазіргі заман және әлемнің үздік шетел әдебиеттерімен толықтырылуына мүмкіндік болып отыр. Біз өз оқушыларымыздың кітап оқуға құштарлығын оятып, оқырмандарымыздың сұранысымен санасуды мақсат етіп отырмыз. Бұл жоба арқылы мектеп ұжымы да үлес қосады, - деді мектеп директоры Жансая Молдажанова.
Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Зарегистрируйтесь или войдите в систему