Сот кабинеті – бүгінгі уақыттың жаңа талабы
1 Июня 2017 (17:45) | 2063 | Автор: Нурганым Имашева
Заман талабына сай, еліміздің сот жүйесінде сот кабинеті қызметі енгізілгені белгілі. Оны қолданудың артықшылықтары, тәртібі жөнінде Маңғыстау облысы кәмелетжасы толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі М.Жебелханова төмендегідей түсінік береді.
Оның мәлімдеуінше, «Сот кабинетінің пайдаланушыларының қатарына жататындар: Қазақстан Республикасының азаматтары; мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері; адвокаттар, жеке және заңды тұлғалар болып табылады. «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет.
«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтерін қолдануға мүмкіндік беретін біртұтас терезе, ол арқылы азаматтар, олардың өкілдері немесе адвокаттары ғаламтордың көмегімен өтініштері мен арыздарын электронды түрде жібере алады. Сонымен бірге, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеу, сот құжаттарын қарау, істің тарихымен танысу мүмкіндіктері де қарастырылған. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізеді».
- «Сот құжаттарымен танысу» жобасын іске асыру бойынша соның шеңберінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға ақпараттық Талон беру қарастырылады. «Әкімшілік істерді жіберу» сервисі әкімшілік материалдарды қағаз нұсқасынсыз электрондық түрде жіберуді қарастырады, ол айтарлықтай бюджеттік қаражатты үнемдейді және электрондық сот өндірісіне өтуге септігін тигізеді.
«Әкімшілік істерді жіберу» сервисінде жұмыс істеу үшін: Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландыру орталығында Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы мемлекеттік органдар үшін электрондық-сандық қолтаңба алу; Сыртқы Интернет жүйесіне қосылу немесе «Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасына» қосылуы қажет.
«Сот кабинеті» сервисі арқылы мемлекеттік органдардан электрондық түрде талап арыздарды қабылдау жұмыстарының ұйымдастыру нәтижесінде қағаз құжат айналымы азайып, оның орнына заман талабына сай электронды құжат айналымы жұмыстарын күшейту күтілуде, - дейді Маңғыстау облысы кәмелет жасы толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі М.Жебелханова.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему