Ақтауда «Caspi-Bitum» зауытында  өрт-тактикалық жаттығуы өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 10:54
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда «Caspi-Bitum» зауытында өрт-тактикалық жаттығуы өтті

3 Июня 2017 (10:26) | 2138 | Автор: Нурганым Имашева

 

 

Жаттығу үрдісі бойынша, F-1101 пешінде құбырдың күюі орын алды. Себебі технологиялық үрдістің бұзылуы болды. Өндірістік жолақтың барлық аумақтарына өрттің таралу қаупі туындады. Автоматты өрт сигналы іске қосылды. Нысан әкімшілігі өрт туындау кезіндегі нұсқаулықта көрсетілген әрекеттерге кірісті. Операторлар F-1101 жанарғысының газ беруіне қақпа қойды, пешке өнімнің берілуін шикізат сорғысының тоқтатылуымен және тиісті тиек ысырмаларын жабумен доғарды.

 

 

Аға оператордың өкімімен жану камераларына жанудың толықтай тоқтатылуына дейін бу берілді, будың шығыны пештің иректүтіктерінде ең жоғары деңгейге дейін кеңейтілді және бу пердесіне бу берді. Оператордың келесі әрекеті құбырсымдарымен қоректенетін сорғының кідірісімен, өткізу арқылы бөлімге арматураны бітеумен және ЭЛОУ-АВТ құрамына кіретін және тотықтанатын технологиялық блоктардың тоқтатылуымен аяқталды.

 

 

Шақырту орнына жедел түрде «Жалын Өрт-сөндіруші» ЖШС бөлімшесі, Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі», Медицина және апат орталығының бригадасы келіп жетті.

 

 

Өрт сөндірушілер алдарына қойылған міндеттерді айқын әрі үйлесімді орындап шықты: автоцистерналарды өрт сөндіру гидранттарына орнатты және магистральды жолақтарды жүргізді, газ түтінінен қорғау қызметінің буындарын құрды, шартты өртті сөндіріп, басқа да аумақтарды өрттен қорғады.

 

 

Өрт сөндіру жүрісі мен авариялық-құтқару жұмыстары туралы барлық ақпарат ұйымдастырылған өрт сөндіру штабына түсті.

 

Өрт-тактикалық жаттығуын ұйымдастыру - нысан өкілдерінің өрт кезіндегі әрекеттерінің дұрыстығын, Өртке қарсы қызметінің Ақтау гарнизоны бөлімшелерінің мұнайды бастапқы өңдеу бойынша атмосфералық-вакуумды құбыр жылытқыштың электрлік тұзсыздандыру қондырғысында өрттерді сөндіруге дайындығын, сонымен қатар барлық өрт сөндіру қызметтерінің өзара іс әрекеттерін тексеруге мүмкіндік берді.

 

 

Барлық жаттығуға қатысушылар қойылған тапсырмаларды орындап шықты.

 

Жанудың шартты ошағын жоюда 15 бірлік өрт сөндіру техникасы мен Маңғыстау гарнизонының жеке құрамынан 70 адам жұмылдырылды.

 

Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖ департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему