Ақтау гарнизонында ардагерге құрмет көрсетілді
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 02:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтау гарнизонында ардагерге құрмет көрсетілді

6 Апреля 2021 (12:46) | 1659 | Автор: Асем Сартбаева

Маңғыстау облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінде Ақтау гарнизонының «Құрметті азаматы», Қарулы Күштердің ардагері, отставкадағы полковник Амангелді Гумарұлы Гумаровтың 80 жасқа толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

 

 

Амангелді Гумарұлы Гумаров Гурьев облысының Теңіз ауданынында дүниеге келген. Институт бітіргеннен кейін 1967-1970 жылдары облыстық комсомол комитетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарып жүрген кезінде Кеңес армиясы қатарына шақырылған. Сол уақыттан бастап Амангелді Гумаровтың Қарулы Күштері құрамындағы айрықша қызметі басталды.

 

1972 жылдан бастап 1978 жылға дейін әскери комиссардың орынбасары қызметін, 1978 жылдан 1991 жылға дейін Гурьев, Павлодар, Маңғышлақ облыстарында аудан, қала әскери комиссар қызметін атқарған. Зейнет демалысына полковник шенінде шықты. Кейін де қоғамдық жұмыстардан қол үзген жоқ. 2014-2015 жылдары облыстық ҰОС және Еңбек Ардагерлері ұйымының төрағасы болып сайланды.

 

Амангелді Гумарұлы әскери қызметі үшін бірнеше наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, «ҰОС Жеңісінің 20 жылдық медалі», «ІІ дәрежелі Мінсіз қызметі үшін», «ІІІ дәрежелі Мінсіз қызметі үшін».

 

Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерекесі құрметіне елеулі еңбегі үшін еліміздің «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

 

Ардагердің мерейтойына орай ҚР Қорғаныс істерінің министрі Нұрлан Ермекбаевтың алғысы және Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовтың алғыс хаты салтанатты түрде табысталды.

 

Мерекелік шара барысында Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығы полковник Мақсат Тастанов, Маңғыстау облысының Ардагерлер жұмыстары бойынша әкімнің кеңесшісі Серікбай Төлетов, Қарулы Күштерінің облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы полковник Нұрлыбай Қонақбаев және ҚР Қарулы Күштерінің ардагері полковник Айып Нұрмұханов сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

 

Әскерлер сап түзеп, мерекелік концерт қойды. Әскери оркестр түрлі әуендерді ойнап, патриоттық әндер шырқалды.

 

Айта кетейік, жиын барысында барлық санитарлық талаптар сақталды.

 

 

Фото без подписи

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему