Қауіптің алдын алуға барлық күштер жұмылдырылды
24 Февраля 2020 (11:37) | 1603 | Автор: Нурганым Имашева
«Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен тұрғын массивінде үй массивінде «Көктем-2020» Республикалық командалық-штабтық жаттығу шеңберінде судан тазарту бойынша арнайы тактикалық -жаттығу өткізілді»,-деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
- Маңғыстау облысы бойынша су басу кезеңінің өтуі тұрақты болып қалады. Облыс бойынша қар қоры жоқ.
Алайда, жыл сайынғы тәжірибеден ала отырып, сонымен қатар көптеп жауған жаңбырдан су басу қауіпін алдын алу бойынша, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі Мұнайлы аудандық әкімдігімен бірлесіп «2020 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем 2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы республикалық командалық –штабтық жаттығу шеңберінде, Атамекен тұрғын үй массивінде көптеп жауған жаңбырдың суынан тазалау бойынша тактикалық арнайы жаттығу өткізді.
Жаттығу Мұнайлы аудандық әкімдігінің басшылығымен және Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының қатысуымен өткізілді. АТЖ-ға мекемелер, ұйымдар және БАҚ қатыстырылды.
Келісілген ойластыруы бойынша көктем кезінде шұғыл әрекет ету жасағының әрекетілігі және арнайы техникаларының дайындығы тексерілді,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «Жаттығуға барлығы 12 дана техника және 6 мотопомпа, 65 адам жұмылдырылды.
Оның ішінде: Өрт сөндіру қызметінен -12 адам, 1 -УАЗ, 2-мотопомпа, Атамекен селолық округ әкімдігінен -5 адам, Инженерлік қызметтен - 4-мотопомпа, 2-ассенизатор, 1-тежеуіш, 2-самосвал, 1-автогрейдер, 1-монопулятор және 15 адам, Медициналық қызметтен – 1 бригада, Көлік қызметінен -1 автобус, полиция қызметінен -2 техника және 5 адам, №66/56 ұлттық гвардия әскери бөлімнен -30 адам қатысты».
Суреттер баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему