Сот отырысын аудио-бейне таспаға жазу арқылы өткізудің ерекшелігі
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 21:42
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот отырысын аудио-бейне таспаға жазу арқылы өткізудің ерекшелігі

23 Мая 2018 (09:56) | 3080 | Автор: Нурганым Имашева

Сот төрелігінің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің жұмысына қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу болатын.

 

 

 Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының барлық соттарына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әскери соттарына «Төрелік» ақпараттық жүйесі, «Сот кабинет» сервисі, «Электронды шақыру қағаз», «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, «SMS–хабарлама» сервисі, «Талдау» форумы, сот органдарымен байланысу CALL-орталығы, сенім телефоны, дыбыс-бейне жазатын құрылғылар,  бейнеконференция арқылы сот төрелігін жүзеге асыру секілді жаңа ақпараттық технологиялар қызметке енгізілді.

 

2016 жылдың басынан бастап бейнеконференц байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында 2 іс қаралды.

 

 

Онымен қоса, Қазақстан Республикасының Әскери сотына қарасты гарнизондық әскери соттар республиканың әр аумағында орналасуына байланысты, жұмыс қорытындылары бойынша жиналыстар, өзге де іс-шаралар бейнеконференц байланысы арқылы өткізіліп отырады.  Бұл біріншіден мемлекет қаржысын, екіншіден уақытты үнемдейді.

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам»-Ұлт Жоспарының 20 қадамында барлық сот процестеріне бейне және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу туралы басып айтты.

 

Жалпы, барлық әскери соттарда дыбыс-бейне құрылғысы орнатылған. Құпия, бұйрықтық және жеңілдетілген өндірістегі істерден басқа барлық азаматтық және қылмыстық істер  дыбыс-бейне құрылғысын қолдану арқылы өткізіледі.

 

 

 Бұл ең алдымен адам қолымен жіберілетін қателіктердің алдын алуға және қағазбастылықтан босатуға септігін тигізеді. Одан басқа, қазіргі таңда іссапарға шықпастан, сот залындағы дыбыс-бейне құрылғысы арқылы республиканың басқа өңірлерінде тұратын сотқа қатысушы тараптан жауап алу мүмкіндігі бар.

 

 Сонымен қатар, ҚР Әскери сотының бос әкімшілік лауазымды орындарға үміткерлерді жұмысқа қабылдау бойынша, басқа облыстарда жұмыс істейтін қызметкерлермен әнгімелесу дыбыс-бейне жазу құрылғысы арқылы өткізіледі.

 

 Тағы жаңашылдық бірі - «Талдау» Форумы» электрондық сервисі. Форум, құқықтық қатынасты реттейтін заңнама жайлы ақпарат жоқ болған жағдайда сот тәжірибесін жалпылаудан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан және тағыда басқа сот төрелігін атқару кезінде қажетті ақпараттардан тұрады.

 

 «Талдау» Форумы сот актілерін жүйелеп, оларға мониторинг жасауды қамтамасыз етуге, нақты істер санаттары бойынша сот тәжірибесін талдауға, сот істерін қарау тәжірибесінің бірыңғай тәжірибесін қамтамасыз етуге, тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыруға, барлық іс санаттары бойынша сот тәжірибесіне жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиімді.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 4 сәуірден бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізу басталды. Сот жүйесіне енгізілген оң өзгерістер мен жаңашылықтардың бәрі Елбасымыздың тікелей басшылығымен іске асып отырғанын атап өтпеуге болмайды.

 

Сот ісін жүргізуді жеңілдету, сот жүйесінің ашықтығы мен қол жетімділігін арттыру, қағазбастылықтан босату, ең маңыздысы қоғамның сот органдарына сенімін арттырып, жемқорлықты жоюға тікелей бағытталғандығы.

 

 

Сот төрелігін жүзеге асыру, сот ісін жүргізудің ашықтығына қол жеткізу бойынша жұмыстарды оңтайландырудың бір бағыты ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалар үшін істі сотта қарауды жеңілдету және қол жетімді ету, сондай-ақ сот ісін жүргізуде инновациялық технологияларды кеңінен қолдану мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. 

 

Сот отырыстарында аудио және бейне жазбаларын қолданғанда қысқаша хаттама жасалады, ол аудио және бейне жазба жеткізгіштерімен қоса іс материалдарына тігіледі. Аудио және бейнежазбаға қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы Ережеге сәйкес, сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ету, аудио және бейнежазба құралдарын қолдану, аудио және бейнежазбаны сақтау және жоюды сот отырысының хатшысымен жүзеге асыру жағдайлары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы бұйрығымен бекітілген.

 

 Сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио және бейнежазба құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеріп, анықтап алады. Сот отырысының хатшысы аудио және бейнежазба құралдарын қолдану мүмкін болмаған жағдайда оны қолданбаудың себебін сот отырысының хаттамасында міндетті түрде көрсете отырып, бұл туралы судьяға баяндайды.

 

Сот отырысы аяқталғаннан кейін сот отырысының хатшысы аудио және бейнежазба құралдарының техникалық ақаулықтары туралы кеңсе меңгерушісін хабардар етеді, ал ол өз кезегінде облыстық және оған теңестірілген соттардың ақпараттық технологиялар бойынша бас маманына хабарлайды.

 

Аудио-бейнежазба құралдарын қолдануға мүмкіндіктің болмауы сот отырысын жалғастыруға кедергі келтірмейді. Егер техникалық ақаулықтар салдарынан сот отырысы барысының аудио-бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы хаттама жүргізуі мүмкін болмаса немесе сот отырысының аудио және бейнежазбасы жүргізілмегені анықталса, арнайы акт жасалады.

 

Бірінші сатыдағы сотта актіге сот отырысының хатшысы, аудандық және оларға теңестірілген сот кеңсесінің меңгерушісі қол қояды және ол сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі. Апелляциялық сатыдағы сотта актіге сот отырысының хатшысы, облыстық және оған теңестірілген соттың кеңсе меңгерушісі және ақпараттық технологиялар бойынша бас маманы қол қояды.

 

Сот отырыстарында дыбыс-бейнежабаға қолданудың артықшылығы өте көп.. Аудио және бейне жазбаларын қолдану сот төрелігін жүргізу процесін жылдамдатады және автоматтандырады.

 

Айгерім Өтебай

Ақтау қалалық № 2 сотының жетекші маманы

 

Суреттер askeri.sud.kz, sud.gov.kz сайттарынан алынды

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему