Главное » Тыныс
Түпқарағандық оқушылар ұмыт қалған ұлттық ойынды жаңғыртуда
8 Февраля 2021 (15:25) | 1817 |
Автор: Редакция
Түпқараған ауданы Баутин елді- мекеніндегі Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясының ұжымы ұмыт боп бара жатқан «Бестемше» ұлттық ойынын қайта енгізуді қолға алды.

Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Мектеп мұғалімдері, бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары «Бестемше» ойынын пандемия жағдайына дейін сайыс түрінде жиі өткізіп келген болса, қазіргі таңда Zoom платформасы арқылы ойнап, қабілеттерін шынықтырып жатыр.
Айта кетейік, «Бестемше» ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы 2 орда, 10 отау, 50 шардан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға 1 орда, 5 отау және 25 шардан тиесілі. Шарлар әр отауға бес-бестен салынады. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.

Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
КОММЕНТАРИИ:
Добавить комментарий
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
загрузка...