Маңғыстау облысы бойынша МӘМС жүйесінің алғашқы айының қорытындысы жарияланды
6 Марта 2020 (13:52) | 1488 | Автор: Нурганым Имашева
Жуырда өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы филиалының (одан әрі - Қор) директоры Руслан Бектубаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (одан әрі - МӘМС) жүйесі жұмысының бірінші айының қорытындылары туралы хабарлады.
Баршаға мәлім, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды.
- Халықпен байланысты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қордың 1406 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 24/7 тәртібі бойынша жұмыс істеуде.
Қазақстандықтар үшін Қор тарапынан кері байланыс каналын құрды. Қазіргі таңда бұл Qoldau-24/7 моблильдік қосымша арқылы жүзеге асырылуда. Осы мобильдік қосымшаны жүктеу арқылы әр азамат кеңес алу, өтініш беру және сақтандырылу мүмкіндігіне ие болады.
1406 Call-центр орталығына бүгінгі күнге дейін облыс тұрғындарынан 26 өтініш келіп түсті. Қор филиалының жұмыс телефонына 60 өтініш келіп түсті. Олар медициналық көмектің сапасына, тегін дәрі-дәрмектің дұрыс берілмеуіне, қымбат тұратын МРТ, КТ сияқты қызмет түрлерін алу мәселелеріне байланысты.
2020 жылы, МӘМС жүйесін енгізгелі, облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті өсіп, 42 млрд теңгені құрап отыр,-деп мәлімдеді Қор директоры .
Руслан Фаризунұлының айтуынша, «2020 жылдың қаңтар айының қорытындысына сәйкес, республика бойынша медициналық қызметтерді алу деңгейі өскен:
- Жоспарлы түрде стационарлық қызмет көрсету көлемі 50%-ға көтерілген. Шұғыл көмек көрсету көлемі азайып отыр. Демек, пациенттер ауыр жағдайда емес, жоспарлы түрде көмек алғаннан кейін, емделуде.
- Консультативтік- диагностикалық қызметтердің деңгейі 27%-ға өсіп отыр. Соның ішінде КТ мен МРТ - 54%, УЗИ-21%-ға өсіп отыр.
Сонымен бірге медициналық оңалту мен қалпына келтіру емдеу қызметтері 48%-ға өсіп отыр, соның ішінде неврологияға қатысты емдеу қызметі 3,2 есе өскен. Осындай көрсеткіштер Маңғыстау облысы бойынша да байқалады. Консультативті-диагностикалық қызметтер үшін жаңадан кабинеттер ашу жұмыстары қолға алынуда. МӘМС жүйесі бұл қызметтерді тегін алуға мүмкіндік береді. Қаңтар айында филиал атынан медициналық көмек қызметін жеткізуші ұйымдарға 3,5 млрд теңге аванстық төлем жасалды».
- Маңғыстау облысының тұрғындарына МРТ, КТ зерттеулері үшін 2020 жылға 1 миллиард 503,3 млн теңге бөлінсе, ал 2019 жылы 25,7 млн.теңге бөлінген. Биыл былтырғыға қарағанда тек МРТ, КТ зерттеулері үшін қаражат 1 миллиард 477,6 млн теңгеге өсіп отыр. Тұрғындар жалпы тәжірибелік дәрігерден немесе учаскелік терапевтен медициналық көрсетіліммен жолдама алған жағдайда, МӘМС жүйесі бойынша МРТ, КТ қызметтерін тегін ала алады.
Бүгінде компьютерлік томография қызметі Ақтау қаласында 26 ш/а «Инвиво ВДП», 26 ш/а Маңғыстау облыстық ауруханасы, 8 ш/а «Ибн Сина Медициналық орталығы», 1 ш/а Хирургия институты, 1 ш/а «Софи мед групп» клиникасында, 14 ш/а «Нейрон» сияқты 6 мекемеде, сондай-ақ Жаңаөзен қаласындағы көпбейінді ауруханасында көрсетіледі. Ал магнитті-резонансты томография Ақтауда, яғни 26 ш/а «Инвиво ВДП», 26 ш/а Маңғыстау облыстық ауруханасы, 1 ш/а Хирургия институты және «Софи мед групп» клиникасында бар.
2020 жылдың қаңтар айына, еліміз бойынша, МӘМС жүйесінің қатысушысы ретінде 17 млн адам тіркелген (халықтың 90%-зы). Маңғыстаулықтар 2017 жылдың 1 шілде айынан 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін 12,8 млрд теңге, тек қаңтар айы бойынша 479,7 млн.теңге жарна мен төлемдер аударған. Жалпы жарна төлеуден облыстар арасында Маңғыстау 6-шы орында тұр,-деді Р.Бектубаев.
Халықты ақпараттандыру бөлімі, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы таратқан ақпаратқа сай, «Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады және олар ТМККК және МӘМС пакеттері аясында медициналық қызметтерді тегін ала алады. Ал сақтандырылмаған азаматтар, әр медициналық ұйымда орналастырылған төлем терминалдары арқылы жарна төлеп, мәртебесін анықтауға мүмкіндік алады. Бүгінгі таңда, бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың 81,8% терминалдармен жабдықталған. Демек, азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелуі керек.
Жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, 2020 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтандырылмаған пациенттер медициналық көмек алуды жалғастыра береді, ол тек медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ғана, қалған қызметтерге ақылы болады. Әр азамат өзінің сақтандырылған немесе сақтандырылмаған екенін бірнеше жолмен біле алады: 1) Тіркелген емханасына барып, регистратураға ИИН (Жеке сәйкестендірілген нөмер) нөмірін айтса, мамандар анықтап береді. 2) Fms.kz сайтында ИИН нөміріңізді терсеңіз статусыңызды шығарып береді. 3)Ұялы телефондағы Телеграм қосымшасында SaqtandyryBotқа (СақтандыруБот) ИИН нөміріңізді жіберсеңіз, сізге бірден статусыңыз жайлы ақпарат келеді. Сондықтан 31 наурызға дейін МӘМС жүйесінде сақтанушының мәртебесін алу маңызды».
Суреттерді түсірген баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему