Маңғыстауда түйе мен жылқы қырылып жатыр
18 Августа 2021 (13:39) | 2242 | Автор: Редакция
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Маңғыстауда түйе мен жылқыны кене шағып, жануарлар қырылып жатыр, деп хабарлады КТК телеарнасы.
"Бес бота кене салдарынан мерт болды. Осы жылы Маңғыстауда қатты құрғақшылық болды. Сондықтан кене иен даладан елді аймаққа жетті. Олар жануарларға шабуыл жасап жатыр. Көбіне арық, әлсіреген түйе мен жылқыға тап беруде. Себебі мұндай мал оларға қарсы тұра алмайды. Одан соң малға инфекция жұғып, арам өледі", - дейді шаруа Бердіхан Әленов.
Фермерлердің ақпараты бойынша Боржақты елді мекеніндегі 20 шаруашылық жәндіктен жапа шегіп отыр.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар дәрілеу жүргізіп жатыр, бірақ бұл кене проблемасын толық шеше алмайды.
Мамандар шаруалар малды жайылымға шығармауы салдарынан кене көбейіп кеткенін айтуда.
"Кене құмды топырақта тіршілік етеді. Бірақ малдың ұзақ уақыт бір орында тұрып қалуынан кене көбейіп кетті. Мал үнемі қорада тұр. Ол аумақ тиісті деңгейде тазаланбайды. Дәрілеу жүргізуден бұрын міндетті түрде қораны әктеп, көң-шөптен тазалау керек. Содан кейін ғана дәрілеу жүргізіледі. Ал малды түрлі экопаразитке қарсы вакциналау қажет", - деді облыстық ветеринария басқармасындағы эпизотикалық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Әділет Қазтұрған.
Маңғыстау облысында құрғақшылық салдарынан жем-шөп тапшылығы туындаған болатын. Бұл малдың қырылуына алып келді. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандықтарды маңғыстаулық шаруаларға қаржылық көмек көрсетуге шақырды.
Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20210818/17892220/Mangystau-tuye-jylqy.html
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему