Өлкеде қайырымдылық науқаны бастау алды
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 21:28
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өлкеде қайырымдылық науқаны бастау алды

11 Апреля 2017 (18:52) | 1747 | Автор: Нурганым Имашева

 

Өңірде облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен «Наурыз мерейі» атты қайырымдылық акциясы бастау алды.

Оны ұйымдастырудағы басты мақсат-Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, барлық қамқорлыққа зәру жандарға, көп балалы аналарға қолдау білдіріп, көмек көрсету.

Игі іске облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мәслихаттың депутаттары мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсене қатысуда. 20 наурыз бен 20 сәуір аралығында өткізілетін бұл шара аясында 200 отбасына көмек көрсетілу көзделуде.

-Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Ұлыстың ұлы күнінде 20 наурыз бен 20 сәуір аралығында қайырымдылық акциясын өткізу жөнінде жақсы идея айтып, облысымыздың әр тұрғынын жақсы істің басынан табылып, ұлы іске өз үлестерін қосуға шақырған болатын.

Өйткені, мейірімділік, жақынына қол ұшын беру, қайырымдылық көрсету қашан да ұлтымыздың басты құндылығы екені белгілі.

Өңір басшысының тапсырмасына сай, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Маңғыстау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Ақтау қаласында тұратын, қамқорлыққа мұқтаж үш адамға көмек көрсетілді.

Аталмыш шара облыстың барлық қала, аудандарында іске асуда. Изгілікті іске облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық денсаулық сақтау басқармасы да қолдау танытуда.

Облыстық мәслихаттың депутаты Аббат Өрісбаев наурыз мерекесімен құттықтап, өз қаражаты есебінен 13 адамға азық-түлік өнімдерін табыстауға ұсыныс білдірді.

Жалпы, қайырымдылық шарасы аясында көмекке мұқтаж жандарға материалдық көмек те көрсетілетін болады. Мысалы, кейбір тұрғындардың есік-терезесін жөндеу керек болған жағдайда ол да ескеріледі. Сәуір айының соңғы аптасында акцияны қорытындылап, меценаттар форумын ұйымдастырып, акцияға белсенді қатысқан жандарды марапаттайтын боламыз,-дейді акция ұйымдастырушылары.

Қайырымдылық шарасының алғашқы күні І-топтағы мүгедек, Чернобыль оқиғасына қатысушы Татьяна Дашковская мен ауыр сырқатқа шалдыққан Мария Крохина, Ирина Кухлинаға көмек көрсетілді.

Облыстық мәслихаттың депутаты Аббат Өрісбаев азық-түлік өнімдерін тарту етсе, №1 Ақтау қалалық емханасының дәрігері Ботагөз Мәлсова, бас медбике Надежда Кенжебекова науқас қарияның қан қысымын өлшеп, медициналық көмек көрсетті.

-Қайырымдылық акциясына №1 Ақтау қалалық емханасы да өз үлесін қосуда. Экспресс-әдіспен тұрғындардың қан тамырларын тексеріп, ағзадағы қант диабетін анықтадық. ЭКГ-ға түсіріп, қан қысымын өлшедік. Қажеттілікке сай дәрі-дәрмекпен қамтамасыз еттік,-дейді бас медбике Надежда Кенжебекова.

І-топ мүгедегі, Чернобыль оқиғасына қатысушы Татьяна Дашковская арнайы көмек көрсетуге келген қайырымды жандарды қуана қарсы алды. 83 жастағы ана саналы ғұмырын медицина саласының өркендеуіне арнаған. Жолдасы Бориспен жұбы жарасып, шаңырақ көтеріп, екі ұлды өмірге әкелген. Бүгінде олардан немере сүйіп отырған аулы әже.

-1967 жылдан бері Ақтау қаласында тұрамын. Жолдасым-тыл ардагері. Өзім ұзақ жылдар әскери бөлімде тіс дәрігері болып жұмыс жасадым.

Бүгін арнайы келіп, наурыз мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыстап, денсаулығымызды тексеріп, көмек көрсеткен қайырымды жандарға айтар алғысым шексіз. Ауырмаңыздар, денсаулықтарыңызды күтіңіздер дегім келеді. Бейбіт заманда берекелі ғұмыр кешейік,-деп ізгі тілегін білдірді Татьяна Дашковкская.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему