Маңғыстауда зорлау, ұрлық, алаяқтық және қарақшылық бойынша қылмыстық істер көбейген
Курс валют в Актау
на 27/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
27 Апреля, 15:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда зорлау, ұрлық, алаяқтық және қарақшылық бойынша қылмыстық істер көбейген

26 Января 2020 (09:44) | 1499 | Автор: Нурганым Имашева

Бұл туралы «Қоғамдық коммуникация орталығында» «Маңғыстау облысы соттарының 2019 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы мен алдағы мақсат-міндеттері туралы» баспасөз мәжілісінде белгілі болды.

 

 

Іс-шараға облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев, облыстық соттың судьясы, БАҚ-пен байланысын үйлестірушісі Айжан Молбаева және БАҚ өкілдері  қатысты.

 

Басқосуда Маңғыстау облысы соттарының 12 айда атқарған сот төрелігі бойынша жұмыстары сарапқа салынды.  

 

Брифингте сөз алған Е.Қарабаев өткен жылдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық заңнаманы жетілдіруге арналған заңға қол қойғанын атап өтті.

 

 

-Биылдан бастап елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жаза күшейтілді, мұндай қылмыстар бойынша татуласуға жол берілмейді,- деді Е.Қарабаев.

 

Сондай-ақ, ол есепті мерзімде қаралған қылмыстық істердің статистикасы туралы баяндап, өңірде зорлау (2019-13, 2018-5), ұрлық  (2019-174, 2018-130), алаяқтық (2019-105, 2018-90), қарақшылық (2019-34, 2018-28) бойынша қылмыстық істердің көбейгенін атап өтті.

 

2019 жылдың 12  айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 2037 қылмыстық іс 2307 тұлғаға қатысты аяқталған, 1537 іске қатысты үкім шығарылып сотталған (2018 жылдың 12 айында – 1929 қылмыстық іс түсіп, 1874 қылмыстық іс 1921 адам бойынша аяқталған).  Өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 386 тұлға/163 іске көбейген.

 

18 тұлға бойынша ақтау үкімі шығарылған, (оның ішінде 14 тұлға жеке айыптау істері бойынша ақталған) (2018 жылдың 12 айында – 23 тұлға ақталса, оның ішінде 11 тұлға жеке айыптау істері бойынша ақталған).

 

18 тұлғаға қатысты ақтау үкімдері Ақтау қалалық сотында -7, Жаңаөзен қалалық сотында-7, Маңғыстау аудандық соты-1, Мұнайлы аудандық сотында – 2, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты-1 шығарылған.

 

Облыс соттарында медиаторлармен 261 (аяқталған істердің 12,8%) қылмыстық іс қаралып, сотталушылар жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған (2018ж. 12 айында –260 іс өндірістен қысқартылған, медиатормен 178 іс, 68,4%) яғни 83 іске көбейген.

 

Сотталған әйел адамдар саны-160, онша ауыр емес-35, орташа-39, ауыр-50, аса ауыр-1, теріс қылықпен-35, жеке айыптау бойынша – 6. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2019 жылдың 12 айында 47 тұлғаға қатысты іс аяқталған (2018 жылы-28 тұлға),оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталғандар-9, шектеу жазасы-11, айыппұл салынған-25, ҚК-нің 71-бабының  1 -бөлігінің 2-тармағына сай, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған- 2. Өткен жылмен салыстырғанда 19 тұлғаға көбейген.

 

Брифингте БАҚ өкілдерінің басым бөлігінің қызығушылығын тудырған өңірдегі қылмыстық ахуал, сыбайлас жемқорлық, пара алу, пара беру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар және қоғамның қызығушылығын тудырған қылмыстық істер туралы нақты әрі жан-жақты мәлімет берілді.

 

Кездесу барысында журналистер сот арқылы өндірілген айыппұлдар және басқа да маңызды мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды.

 

Суретті түсірген «Қоғамдық коммуникация орталығы»

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему