Маңғыстауда алғаш енгізілген «SOS медициналық жүйесі» жемісті болуда
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 09:21
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда алғаш енгізілген «SOS медициналық жүйесі» жемісті болуда

21 Января 2020 (10:22) | 1725 | Автор: Нурганым Имашева

SOS медициналық жүйесін Маңғыстауда алғашқы болып облыстық перинаталдық орталығы орнатқан болатын. Жобаның жетекшісі, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы Нұртуған Мұмамедалиев ортанылғанына 1 жылдан асқан уақыт ішінде оның қандай пайда әкелгендігіне көз жеткізу үшін, Нұр-Сұлтан шаһарынан арнайы Ақтау қаласына келді. 2014 жылы қолға алынған отандық жобаға қолдау білдірген перинаталдық орталығының басшысы Жамал Жаманбаеваға алғысы шексіз екендігін жеткізді.

 

 

Айта кету керек, жүйе бойынша қабылдау бөлімінің кезекшісі шұғыл және қарқынды медициналық көмекті қажет ететін жүкті әйелдер түскен кезде «SOS» шұғыл шақыру пультін басып, қажетті мамандарды шақыра алады. Ал шақыртылған дәрігерлер немессе медбикелер шұғыл әрекет етіп, қабылдау бөліміне түскен науқасты ота жасау бөлмесіне кедергісіз жеткізеді немесе басқа да көмектер көрсете алады. Барлық аурухана бөлімдерінің қызметкерлері «SOS медициналық жүйесі» бойынша оқудан өткен, әсіресе реаниматолог, акушер-гинеколог, жауапты кезекші дәрігер, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, лаборант, дәрігерлер мен мейірбикелер.

 

 

Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» орталығының директоры Жамал Жаманбаеваның айтуынша, «SOS медициналық жүйесі» жобасының мәні – науқастармен қызметкерлерге арналған инновациялық қауіпсіздік технологияларын құруға бағытталған. Аталмыш жобаның іске қосылғанына 1 жылдан сәл асқан және батыс өңірінде алғашқы болып қондырған да осы перинаталдық орталық болып табылады.

 

 

-Бұл жүйе өте ыңғайлы, ең алдымен емделушілер мен медбикелер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр. Перинаталдық орталыққа шұғыл түрде жеткізілген жүкті әйелдерге ота бөлмесіне апару қажеттігі туындаса, SOS тетігін басу арқылы медбикелер көмекке шақырылып, қандай қажеттілік керектігі айтылады. Былайша айтқанда ұялы телефонның рөлін атқарады деуге болады. Ең бастысы уақыт жоғалтпай науқастарға сапалы қызмет көрсетіледі және қажетті көмек 40 секунд пен 1 минут аралығында жасалады. Көбіне қабылдау бөлімі, босану залы, босанудан кейінге бөлім және реанимация бір-бірімен жиі байланысады. Өте ыңғайлы әрі пайдалы екендігіне көз жеткіздік. Бүігнде елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін, осындай жобалар медициналық ұйымдар тарапынан қолдау тапқаны дұрыс де есептеймін, - дейді Жамал Әбдібекқызы.

 

 

SOS медициналық жүйесі «Денсаулық» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Мәселен науқастың жағдайы ауырлап, жедел көмек керек болған жағдайда қолданылады. Тетікті бассаңыз жетіп жатыр, кезекші медбикеге шұғыл хабар жетеді. Осылайша қызмет көрсету сапасын арттырып, уақыт үнемделеді және науқастарға бақылау күшейеді. SOS медициналық жүйесі облыстық перинаталдық орталығының 13 нүктесіне орнатылған. Тағы бір ерекшелігі емделушілерден түскен барлық арыз-шағымдар мен мәліметтерді орталық директоры өз бақылауында ұстап отырады.

 

 

-Бұл жүйе науқастардың қауіпсіздік деңгейін жоғарылатуға және медициналық қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыру мақсатында орнатқан болатынбыз. Осы уақытақа дейін 3000-нан астам жоспарлы және шұғыл шақыртулар жасалған. «Медициналық инцидент» деген термин бар, барлық әрекеттер осы жүйе арқылы тіркеледі. Бұл жүйе 2014 жылы құрылды және авторлық құқық иегері атанып отырмыз. Жалпы SOS медициналық жүйесі Нұр-Сұлтан қаласындағы қазіргі EXPO аумағындағы «Astana Hub» деген инновационды IT - технопаркінде жалғасуда және қазіргі уақытта 2.0 нұсқасы жасалуда. Қысқаша айтқанда сол Астана паркінің алғашқы түлегі болып есептелеміз. Отандық инновациялық технологияны алғашқы болып қолдаған Жамал Жаманбаева жетекшілік ететін Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы. Бұл өңірде туу көрсеткіші жоғары. Бір мезгілде жүкті әйелдерді жатқызатын орын тапшылығы сезілуі мүмкін және мұндай кезде шұғыл қимылдауға тура келіп жататын кездер болуы мүмкін, - дейді ол.

 

 

Бүгінде аталмыш отандық жобаға қызығушылық танытып жатқан медициналық мекемелер аз емес. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығынан кейін Бейнеу аудандық ауруханасы SOS медициналық жүйесін орнатқан.

 

 

Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

 

Суреттерді түсірген баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему