Маңғыстау облысында 305 бөбекжай мен 154 мектеп жұмыс істеп тұр
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 11:07
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында 305 бөбекжай мен 154 мектеп жұмыс істеп тұр

19 Января 2020 (17:34) | 1184 | Автор: Нурганым Имашева

Осы мәлімет қоғамдық коммуникациялар орталығында Маңғыстау облысының білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды.

 

 

-Қазіргі уақытта біздің өңірімізде мемлекеттік және жеке меншіктегісін қоса алғанда 3-6 жас аралығындағы 36 мың 500 баланы қамтитын 305 бөбекжай бар. Оның ішіндегі 30 мектепке дейінгі білім беру нысаны өткен жылы ашылды. Нәтижесінде маңғыстаулық бүлдіршіндерді балабақшамен қамту жүз пайызға жеткенін көріп отырмыз. Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес енді тұрғындарды балабақшамен қамту 1-6 жастан басталатыны белгілі, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев.

 

Орта білімге қатысты келтірілген ресми мәліметтерге келсек, қазіргі уақытта өңір бойынша жеке, кешкі, орта және жалпы білім беру, арнайы оқыту нысандарын қоса алғанда бас-аяғы 154 мектеп бар. Оларда 150 мың оқушы оқиды. 2019 жылы екі мектепке 320 орындық қосымша оқу ғимараты жалғанып, қолданысқа берілген.

 

 

Өзектілігін әлі де жоймай тұрған мәселе - үш ауысымдылық. Осы санаттағы білім беру нысандарының саны 2018 жылы алты мектеп болған болса, 2019 жылы тоғызға жетті. «Нақтылау жұмыстары аяқталған соң бұл көрсеткіш биыл да өсуі мүмкін деген болжам бар. Бұған жыл санап атамекеніне оралған қандастарымыздың саны мен табиғи бала туудың артуы себеп» - дейді мамандар.

 

-Осы жылға жоспар бойынша үш мектептің құрылысын аяқтаймыз. Олар Түпқараған ауданының Ақшұқыр елді мекенінде, Мұнайлы ауданындағы Батыр селосында және Ақтаудың 34-ші шағын ауданында бой көтеруде. Сондай-ақ алдағы бес жылда салынуы тиіс 18 мектеп пен 5 орта білім беру мекемесіне қосымша оқу орталығының жобалық-сметалық құжаттарын дайындап жатырмыз. Бұл жобалар мемлекет тарапынан қаржыландырумен жүзеге асады, - деді Асқар Әбиұлы.

 

 

Білім басқармасы басшысының сөзінше, 2020 жылы тағы алты жеке мектеп салу жоспарда тұр. Бұл жобалар құжатында Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында жүзеге асуы деп көрсетілді. Бұдан басқа мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде облыс орталығында екі бірдей орта білім нысаны мен тоғыз балабақша құрылысын бастау күн тәртібіне қойылған.

 

Суреттерді түсірген қоғамдық коммуникация орталығы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему