Маңғыстаулық жанұя республикалық сайыста жеңіске жетті
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 02:50
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық жанұя республикалық сайыста жеңіске жетті

11 Июля 2022 (17:22) | 1637 | Автор: Редакция

Түпқарағандық Жауыновтар отбасы салт-дәстүрді насихаттайтын «Абысын-ажын» республикалық сайысының бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салт-дәстүрді насихаттайтын жарыс 9 шілде күні Нұрсұлтан қаласында өтті. Жауыновтар жанұясының отанасы Кымбат Далабаева дүбірлі додаға 9 келінімен қатысты. Алдымен олар, «16 қыз» әнімен өздерін таныстырса, келесі кезеңде өздері жасаған текеметті көрсетті. Содан соң, балық асып, бидайдың ұнына дайындалған қамырды қонақтарға ұсынды. Ал келесі өнер көрсету кезеңінде 9 келін енесінің баянмен сүйемелдеуімен халық әні «Ақтамақты» жанды дауыста орындады. Сән көрсету айналымында келіндер қыз ұзату салтын сахналады. Нәтижесінде, Жауыновтар отбасы ең жоғары ұпаймен жеңіске жетті.

- Бұл сайысқа қатысып, өңір намысын қорғау үшін неге Ақшұқыр ауылынан Жауыновтар отбасын бекерге таңдаған жоқпын. Өйткені, бұл үйдің үлкені әжеміз киіз үй ұстайды. Келіндеріне киіз басу, алаша тоқу, сырмақ тоқу, жүн түту, ұршық иіру сияқты өнердің барлығын үйреткен. Әжеміз салт-дәстүр, әдет пен ғұрып, қолөнерді дәріптейтін ана. Сол себепті осы отбасын таңдадым, - деді «Дәстүрге жол - қазақ аналары» қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының жетекшісі Бибігүл Рамазанова.

Жауыновтар отбасына бас жүлдеге 350 мың теңге сыйақы берілді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему